Әскерге шақыру туралы жаңа заңнан кейін Қазақстан Ресейден келген көші-қонның жаңа толқынына тап бола ма – Сарапшылар түсіндірді
11 сәуірде Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы бірден екі оқылымда әскери комиссариатқа шақыру алған азаматтарға елден шығуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Сонымен қоса әскери міндетті ресейліктерге шақыру қағазы енді жеке берілмейді, "Госуслуги" порталында (қазақша Egov жобасы) салынуы мүмкін. Жаңа заң пана сыйлаушы елдерге оның ішінде Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылар жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап.
Әскери комиссариатқа келмеген жағдайда ресейлік азаматтарға елден шығуға тыйым салынып қана қоймайды, сонымен қатар көлікті басқару, жеке кәсіпті тіркеу, және несие беруден бас тарту секілді құқықтарын шектейді.
Көші-жөн жөніндегі сарапшы Аида Әлжанова заң әлі күшіне енбегеніне назар аударып, құжатқа президент қол қойып жатқанда әскери міндетті ресейліктердің асығуы керектігін айтады.
"Егер осы уақытқа дейін шекарадан асып үлгермесе одан әрі қиын болады, өйткені электронды деректер базасы біріктіріліп, шекарада олар қызметке шақырылуы мүмкін адамдарды бірден көреді. Жаңа заң қазір Ресейден тыс жерде жүргендер үшін де қауіпті: себебі олар сыртта жүрсе де шақыру қағазын алуы мүмкін және олар қайтып оралуға міндетті болады - әйтпесе олар заңды бұзады және бұл жағдайда Ресей Федерациясы өз азаматтарын экстрадициялауды талап етуі ықтимал", - деп түсіндіреді маман.
Алайда сарапшы Қазақстанда 2022 жылдың күзіндегі жағдай секілді мигранттардың толқыны болмайтыны айтады.
"Біріншіден, кеткісі келген азаматтар қашып үлгерді, ал шетелде тұруға бәрінің қаржылық мүмкіндігі жоқ, бәрінің жұмысы қашықтан жасауға ыңғайлы емес және бәрінің бірдей паспорты жоқ оларды Қазақстанда алуы екіталай. Үшіншіден, Қазақстан визалық режимді – елден шыққаннан кейін және елге кіргеннен кейін визаны ұзарту мүмкіндігін алып тастады. Ендеше орыстар қашатын болса, Қазақстанды айналып өтеді", - дейді Аида Әлжанова.
Ольга Симакова да жаңа толқынның болмайтынына сенім білдіреді. Мобилизациядан бері көп уақыт өтті, менің ойымша, жоғары бейімділігімен ерекшеленетін орыстар да, қазақтар да жағдайға үйрене білді, оны қабылдайды деп ойлаймын, дейді ол.
- Дума депутаттары қазақстандық әншінің Ресейде концерт өткізуіне қарсылық білдірді
- Ресей теңгені "достас емес елдер валютасының” тізіміне қосқаны үшін кешірім сұрады
- ҰҚК қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысу фактісі бойынша 10 істі тергеп жатыр
"Барлығы төлқұжатқа келіп тіреледі. Ресейдің статистикасына қарасақ, 2014 жылдан бастап олардың төлқұжаты бар тұрғындардың 28-30 пайызының үлесі өзгеріссіз қалғанын байқауға болады. 2022 жылы ресейліктердің 30%-ға жуық төлқұжат ала бастағаны айтылған, бірақ бұл қолында төлқұжаты жоқ адамның паспорт алуы емес, 2012 жылы алған құжаттарын келесі 10 жылға ұзартқан азаматтардың үлесі екені анықталды", - деп қосты Ольга Симакова.
Сонымен қатар, Ольга Симакова өз кезегінде 2022 жылдың қыркүйегінде көші-қон толқынына тап болған Қазақстан өзін қорғау үшін бірқатар қадамдар жасағанын және ресейліктер үшін кедергілер қойғанын баса айтады.
"Бізде уақытша тұру үшін рұқсат қағазды төлқұжатсыз бермейді. Енді уақытша тұру рұқсат қағазын алу үшін тек еңбек шарты ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушінің өтініші болуы керек, бұл да тосқауылдың бір түрі. Сондықтан үлкен көші-қон толқыны болады деп ойламаймын", - дейді әлеуметтанушы.
Алайда, мұнда келетін ресейліктер туралы айтар болсақ, онда олар көбінесе жоғары білімді, орта буын басшылары, 25-40 жас аралығындағы адамдар болуы мүмкін, дейді Симакова.
"Бірінші толқыннан кейін бізде қоғам арасында түрлі пікірлер болды, бірақ оның көпшілігі көші-қонның салдарынан Қазақстанда кадрлар тапшылығы пайда болды дегенге сыйды. Менің ойымша, егер екінші толқын болса, біз мұнда біліктілігі жоғары, біздің еңбек нарығында сұраныс болатын мамандарды көреміз", - деп түсіндірді сарапшы.
Қазақстандықтардың көші-қон толқындарына деген көзқарасына келетін болсақ, Ольга Симакова ұсынатын "Стратегия" әлеуметтік зерттеулер орталығы 2022 жылдың күзінің соңында жеке тапсырыс бойынша қоғамдық пікірге зерттеу жүргізген.
"Сауалнама халық арасында Ресей азаматтарының көші-қонына қатысты шиеленісті көзқарас пен наразылық сақталып отырғанын көрсетті. Біз қандай мәселелер наразылық тудырады деген ашық сұрақ қойдық және ресейліктердің көші-қоны жайлып пікір алғашқы ондыққа енді. Ал біз сіз жаппай көші-қоннан қорқасыз ба деген жабық сұрақ қойғанымызда, нақтырақ жауап алдық: әрбір екінші қазақстандық белгілі бір дәрежеде бұл құбылыстан қорқады, ал әрбір үшінші адам жаппай көші-қонның ел экономикасына әсерін қауіпті деп санайтынын жеткізді", - дейді Ольга Симакова.