Әскерден қашқан қазақстандықтар шетелге көшіп жатыр ма – Қарулы Күштер өкілі жауап берді
Көктемгі әскерге шақырту кезінде Отан алдындағы борышын өтеуден қашқан қазақстандықтар көрші елге көшіп жатыр деген ақпарат тараған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде таралған мәліметке сәйкес, бұл әсіресе, еліміздің солтүстік өңірлерінде көп тіркелген. Қазір күзгі шақыру басталды. Әскерден қашып, шетелге көшкен қазақстандықтардың статистикасы қандай? Осы сұраққа ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүсимов жауап берді.
"Көктемгі әскерге шақырту жоспарлағанымыздай өтті. Ең басты проблема – азаматтардың денсаулығының талапқа сай болмауы. Жалпы алғанда, көктемгі шақырту кезінде еш проблема туындаған жоқ", – деп ақпаратты теріске шығарды ол.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”