Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?": Қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

сарбаздың анасы үндеу

Видеодан скрин

Алматы облысының әскери бөлімінде асылып қалды деген 19 жастағы Дінмұхаммед Шынарбектің анасы билікке үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Президент мырза, біздің армияда не болып жатқанын білесіз бе? Аналар баласыз қалуы керек пе? Жас жігіттердің өмірі үзілуі крек пе? Бұл қандай армия? Сіздің қызметкерлеріңіздің ар-намысы мен беделі тапталып жатыр ғой. Неге солай болып жатыр? Неге олар бақылауға алынбайды? Министр мырзалар, мұның бәрі неге назардан тыс қалуы тиіс? Аналар, ұлдарыңызды әскерге жібермеңіздер. Әскердегі тәртіп өзгерді деп сеніп, баламызға ештеңе болмайды деп жібердік. Енді біз оның мәйітін алып кеткелі тұрмыз. Балаларыңызды әскерге жібермеңіздер", - дейді сарбаздың анасы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы әскери бөлімде сарбаздың қайтыс болғаны туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.

Ресми ақпарат бойынша, жігіт өзіне-өзі қол жұмсаған, бірақ туыстары бұған сенбейді.
 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 17:04
Талқылау