Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқазан жарасын емдейді: Қазақстандық дәрігер Оразаның пайдасы жайлы

Ораза адам ағзасына несімен пайдалы? Ораза ұстау кімдер үшін қауіпті және кімдер үшін пайдалы? Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-эндокринолог Рита Қасымалиевамен сұхбаттасып, сұрақтың жауабын тапты.

Асқазан жарасын емдейді Ораза адам ағзасына несімен пайдалы

Қасиетті Ораза айы тамақтану тәртібін бақылауға алудың бір жолы ма?

– Кез-келген режим адамға пайдасын тигізеді. Ораза – тамақтану тәртібін бақылауға ғана емес, сонымен қатар сіздің ойыңызды тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді. Белгілі бір уақыт аралығында өзіңді астан шектеу – ол тек діни жоралғы емес, сонымен қатар дұрыс тамақтанудың бірден бір жолы. Азықты баяу, ойланып жеу – оның жеңілірек сіңіруіне септігін тигізеді.

– Рамазан айы – рухани тазару айы, медитация адам ағзасына қалай әсер етеді?

– Білікті дәрігер бола тұра, классикалық медицинада бұл сұрақтың жауабын таппадым. Бір жылдан бері үзбей айналысып жүрген қытай медицинасына жүгінсек, медитация біздің өміріміздің ең маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Арналар жүйесі, меридиандар, нүктелер, белгілі жаттығулар – осының бәрі көмекке келеді.

Оразаны медицинада «құрғақ тамақтану» деп те атайды. Ол адам ағзасына қалай әсер етеді?

– Ораза кезінде адам ұзақ уақыт бойы өзін астан тежейді. Жалпы күніне бес реттен тамақтану керек деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл мәселе тек кейбір ауруларға шалдыққан адамдарға жақсы. Мәселен, өт немесе асқазан жолдарында ақауы бар адам тұрақты түрде тамақтануы керек. Бірақ қалыпты жағдайда, дені сау адам күніне екі рет тамақтанса да жеткілікті. Сондықтан да ораза көпшілікке пайдалы деген ұғым дұрыс.

– Оразаны қалай жөнімен бастап жане бітіру керек?

– Оразаға дайындықты алдын ала бастаған дұрыс. Кем дегенде екі апта бұрын майлы, тәтті әрі ащы тағамдарды ас мәзірінен алып тастаған абзал. Алғашқы тағам қабылдау рәсімін керіге жылжытуға тырысу қажет. Мәселен, сіз күн сайын таңғы 8-де тамақтансаңыз, оны күн сайын бір сағатқа кері жылжытып отырған жөн. Ақырындап тамақ мөлшерін де азайтып отыру керек. Астың қорытылуын жеңілдету үшін асықпай шайнаған жөн. Ал Оразадан шығар кезде мына нәрсені естен шығармаңыз: Бір дегенде көптен тамақтанып, ішімдік іше бастасаңыз, үйқы безімен қиындықтар туындауы мүмкін.

 – Ораза ұстау кімдер үшін қауіпті болуы мүмкін?

– Қарттарға, су-тұздың алмасуы бұзылған адамдарға, онкологиялық дертке шалдыққан, эндокриндік ауытқушылығы бар науқастарға, сондай-ақ, гормоналды терапиядан өтіп жүрген жандар үшін ораза қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ, балалар мен 21 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ораза ұстауға кеңес бермеймін. Себебі олардың ағзасында гормоналды фон түзілу процесі жүреді. Кішкентай балалар үнемі қозғалыста болғандықтан, өзін судан тежеген жағдайда, ағза торығып кетуі мүмкін.

Бірақ бір қызығы, Ораза диабет пен ұйқы безі ауруына шалдыққан кей науқастарға оңынан әсер етеді екен. Мұны зерттеу барысында Америка медицина университетінің ғалымдары дәлелдеді.

Диабет ауруымен ауыратын науқастарға оразаның қалай әсер ететінін анықтау үшін, аталған дерттің екінші формасымен ауыратын 47 науқас бақылауға алынған. Сондай-ақ, салыстыру үшін дені сау адамдарды тексеріске алған. Зерттеу нәтижесі бойынша, науқастардың салмағы, қан бояуы мен ағуыз мөлшері өзгеріске ұшырамаған. Ғалымдар ораза ұстау – аурудың асқынуына әсер етпейтінін анықтады. Ал асқазан қышқылының мөлшері аз немесе шамадан тыс болған адамдарда оның көрсеткіші бір қалыпқа келген. Яғни, ораза асқазан жарасының негізгі себебі болып табылатын – қышқылдың артуына жол бермейді.

– Ораза кезінде қандай тағамдар жеу керек?

– Ораза кезінде негізгі екі тамақ ішу процесі бар. Ол – ауыз ашар және сәресі. Ауыз ашарды ағуызды тағамдардан бастаған жөн. Бұл – қант мөлшерінен асып кетпей, азық біртіндеп сіңуі үшін қажет. Ол – ет, тауық, балық, сүзбе және көкөністерден жасалған салат. Көмірсулы тағамдарды кешкі ас қабылдау рәсіміне қалдырған дұрыс. Себебі көмірсу инсулиннің қанға сіңуін тездетеді. Ал оның нәтижесінде адам тез ашығады.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Ораза кезінде адам ағзасы қандай өзгерістерге ұшырайды

Оразада тіс пастасымен тіс жууға бола ма?

Ораза тұтпаған адам пітір садақасын бере ме?

Ораза толыққанды болу үшін 6 кеңес

Талқылау