Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатыр – Тоқаев елдегі жат діни ағымдар туралы

Ұлттық құрылтайдың төртінші пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елде жат діни ағымдардың ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ислам сток

Фото: pixabay.com

Президент мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүргенін айтады.

“Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды", – деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде қосылған құн салығын көтеруге қатысты пікір білдірген еді. 

“Еліміз үшін аса қажет шаралардың мән-маңызын халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру керек. Жұрттың бәрі экономист немесе қаржыгер емес. Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін адамға түсінікті тілмен жеткізу керек. Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар жалпы алғанда дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген”, – деп мәлімдеді президент. 

Талқылау