AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Асыл жар болғым келеді": Айгүл Иманбаева 45 жастан кейінгі жоспарымен бөлісті

Айгүл Иманбаева жуырда жүкті екенін меңзеп, халықты бір шулатқан еді. Әнші 7-арнаның "СанТарам" бағдарламасына сұхбат беріп, болған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құдайдан үмітіміз бар. Біз де адамбыз, әйелміз", – деген Иманбаева жүкті не жүкті емес екенін нақты айтпады.

"Сол сыр болып, перде болып қала берсе қайтеді? Оның бәрін айтқанмен, барлығы Жаратушыға аян", –  деді актриса.

Әйткенмен, бір рет некеде болып, жастай ажырасып кеткен Иманбаева алда тағы ақ келін атануы мүмкін екенін жасырмайды. 

"45 жас тойымда айтып едім, осы уақытқа дейін Айгүл Иманбаева деген атқа қызмет жасадым, енді бұл ат маған қызмет жасасын. 

Мен әрі қарай аяулы жар, асыл әже, ұлағатты ұстаз, ерке қыз болып өмір сүргім келеді. Менің де бақытты болуға, қуануға құқығым бар", – деді ол. 



Психолог Серікгүл Сәли Иманбаеваның жүктілікке қатысты айтқан сөзіне талдау жасады. Оның жақсы актриса екенін алға тартып, шындықты білу мүмкін еместігін жеткізді. Алайда өнер иесі өмірде ойнай алмайтынын мәлімдеді. 

"Ең құрыған жерім, өмірде әртіс болып ойнай алмаймын. Мені өмірде ойнайды деп ойлайтын адамның өзі ойнайды. Өйткені менің ойнауға уақытым жоқ. Барынша жүрегімді, жанымды жалаңаштауға тырысамын. 
Сол себепті де Айгүл Иманбаева болған шығармын. Сол себепті де адамдар маған тартылатын шығар, жағалауыма жақсы энергия жиналатын шығар. Тұла бойым, болмысым жасандылыққа толы болып, көрінген жерде ойнап жүрсем, онда менің болмысымнан ұшқын да қалмайды", – деп ағынан жарылды актриса. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр