AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі мен жиені қарыздарын жабу үшін жанармай құю бекеттерін тонаған

Полицейлер Алматыда бес жанар-жағармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады. Күдіктілер тонау арқылы тапқан ақшаны автокөліктің несиесін төлеуге жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бензин

Сәуірдің 15-і күні белгісіз біреулер Алматы мен оның маңындағы жанармай құю бекеттеріне бес қарулы шабуыл жасады. Айтуларынша, қылмыскерлер пышақ қолданып бекеттерді тонаған. Олар қауіпсіздік шаралары жоқ шағын жанармай құю бекеттерін қасақана таңдаған.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, басқа көліктің нөмірін орнатқан көлікті анықтады. 

"Мемлекеттік нөмірлер алматылық азаматқа тиесілі "Фольксваген Гольф" автокөлігінікі болып жықты. Тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, күдіктілердің тоқтап тұрған көліктен мемлекеттік нөмірді ұрлап кеткені анықталды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматының Іле және Қарасай аудандарындағы жанар-жағармай құю бекеттерінде қарақшылық шабуыл жасалғаны нақтылануда.

"Күдікті ретінде Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны мен оның 23 жастағы жиені ұсталды. Ер адам несиеге сатып алынған көлікпен такси болғанын мойындады. Қылмыстық жолмен алынған қолма-қол ақшаны ол несиесін төлеуге жұмсаған", – деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр