Ашура күнінің артықшылығы: Қасиетті айдың оныншы күнін қалай өткізген абзал?
Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. "Ашура" сөзі "оныншы" деген мағынаны білдіреді. Яғни мұсылман күнтізбесі бойынша мұхаррам айының әр оныншы жұлдызы. Биыл 2021 жылы Ашура күні 19 тамызға сәйкес келіп тұр.
Исламдағы Ашура күні – Алла елшілерінің пайғамбарларын еске алу күні. Бұл күні, мұсылман күнтізбесі бойынша Мұхаррам айының бірінші онкүндігінде ислам дінін ұстанушылар әртүрлі рәсімдер жасайды.
Мұхаррам айы туралы не білеміз?
Мұхаррам – мұсылмандардың ай күнтізбесінің алғашқы айы, "мұхаррам" сөзінің мағынасы "тыйым салынған" дегенге саяды. Исламға дейінгі дәуірдің өзінде бұл ай қасиетті болып саналып, бұл уақытта соғыс бастауға және қан төгуге тыйым салған.
Айдың қасиеттілігі Ибраһим пайғамбардың заманынан тікелей танылып, кейіннен оны меккелік пұтқа табынушылар да мойындаған. Бұл тыйым салынған айда пұтқа табынушы арабтардың өзі рулық тайпалық соғыстардың жиілілігіне қарамастан, соғысудан бас тартқан.
Алла елшісі (оған Алланың рахымы мен сәлемі болсын): "Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза" , – деген сөзін Мүслім риуаят еткен. Бұл айда ораза ұстау міндеттелмеген, алайда нәпіл оразадан артық сауап жиналатыны айтылған.
Мұхаррам айының 10-шы жұлдызында Ашура мерекесі келеді – сүнниттер үшін бұл күн исламның он пайғамбарын жерге түсірген Алланың рақым күні. Ал шиіттер үшін бұл күн – қаза тапқан имам Хусейн үшін аза тұту күні болып табылады.
Ашура күнінің артықшылығы
Сүнниттер мен шиіттер бұл күнді әртүрлі атап өтеді, себебі олардың тарихи оқиғаларға көзқарасы бір бірімен сәйкес келмейді.
Ашура күні сүннит дәстүрімен
Бұл күні сүнниттер Мұса пайғамбар мен Исраил ұлдарын перғауын әскерлерінен құтқарғаны үшін Аллаға шүкіршілік ретінде ораза ұстайды. Сондай-ақ атаулы айда ораза ұстау міндеттелмеген, алайда оның артықшылықтары туралы жоғарыда айтып өттік. Әбу Ханифаның айтуынша, ислам тарихының алғашқы кезеңінде бұл айда ораза тұту міндетті болған. Алайда Рамазан айындағы ораза парыз деп жарияланғаннан кейін, Мұхаррам айындағы оразаның міндеті жойылған.
Мерекелік және діни рәсімдер айдың бірінші онкүндігінде орындалады, сәйкесінше Ашура күнінің өзі Мұхаррам айының оныншы күні.
Ашура күні шиіт дәстүрімен
Ашура күні шиіттер өздерінің арасында ерекше құрметке ие Мұхаммед пайғамбардың немересі – Әлидің ұлы Хусейннің Кербала шайқасында шейіт болғанын еске алу үшін аза тұту рәсімдері мен еске алу кештерімен өткізеді. Сол себепті шиіттер үшін бұл күні ораза тұту парыз болып саналады.
Қасиетті айда тағамды қалай дайындаған дұрыс?
"Ашура" деп аталатын тағам еске алу мен алғыс айту күніндегі басты тағамға жатады. Дәстүр бойынша бұл бидай дәндері мен кептірілген жемістерден жасалған тәтті тағам. Аңыз бойынша, Нұх пайғамбар су тасқыны аяқталған күні қалған азық-түлік қорын пайдаланып және тірі қалғандардың бәрін тамақтандыру үшін көптеген қоспаларды қолданған.
Әртүрлі елдерде "Ашураның" құрамы түрліше өзгеруі мүмкін: Түркияда бұл негізінен тәтті тағам, Әзірбайжанда ол "Хедик" деген атпен аталады және бидайдың, жүгерінің, бұршақтың, жасымықтың сіңдірілген дәндерінен жасалады. Кейбір аймақтарда оған ет қосылады, бірақ, заң бойынша бұл дәнді дақылдардан тұратын тағам. Дәмін жақсарту үшін оған жаңғақтар мен жемістер де қосылады.
Ашура күнінде қандай ізгі амалдар жасаған дұрыс?
Мұсылмандарға Ашура күні ораза ұстау ұсынылады. Кейбір адамдар оразаны бір күн тұтса, басқалары екі күн ұстаған дұрыс деп есептейді. Алайда имамдар бастысы ниетте екенін алға тартады. Мұсылман күнтізбесі бойынша айдың алғашқы күнінде жақсы ниетпен тұтқан оразаңыз тұтас жылыңыздың жақсы өтуіне септігін тигізеді дейді олар.
Мұсылмандар бұл айда науқас туыстары мен достарының жағдайын сұрауға тырысады. Дәл осы күні көрсетілген көмек екі есе саналып Алланың алдында ізгі іс саналады деген түсінік бар.
Ашура күнінің тағы бір дәстүрі – мұқтаж жандарға садақа беру. Әсіресе мұсылмандар арасында бұл үрдіс әдетке айналған.
Мұсылман ай күнтізбесінің айлары:
1.Мұхаррам. 2. Сафар. 3. Раби ал-аввал. 4. Раби ас-сани. 5. Джумада ал-ула. 6. Джумада ас-сани. 7. Раджаб. 8. Шаабан. 9. Рамадан. 10. Шавваль. 11. Зуль каада. 12. Зуль хиджа.