4,4 миллион теңге пара алған: Антикор ауыл шаруашылығы министрлігі комитетіндегі тергеудің мән-жайын айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Экс-шенеунік шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5% көлемінде, яғни 4,4 миллион теңге пара алды деп айыпталды.
“Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үйқамаққа алынды. Биыл 31 қазанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін шенеуніктер ArtSport жобасы мен Азиадаға бөлінген 746 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан