Astana LRT директоры Арданов пен "Астана банкінің" акционері Тоқтаров тергеуге сол күйі келмеді – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров баспасөз мәслихаты кезінде Astana LRT басшысы мен “Астана банкінің” акционеріне қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Антикордың мәліметіне сәйкес, қос күдікті қылмыстық істі тергеу аясында жауап алуға шақырылған. Алайда олар келмеген дейді.
“Astana LRT басшысы Талғат Ардан мен “Астана банкінің” акционері Олжас Тоқтаровтың шетелде болуына байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-кодекстің 1-бөлігіне сәйкес жауап алуға шақырды. Алайда олардың жауапқа алуға келмеуіне байланысты қылмыстық істі тергеу аяқталды”, – дейді ол.
Ардан мен Тоқтаровтың заңға қайшы әрекеттері жиналған дәлелдер аясында толығымен дәлелденген екен.
“Қылмыстық істі тергеу аяқталып, 19 қыркүйекте сотқа жіберілген. Қазір іс материалдарымен танысу жүріп жатыр”, – дейді Антикор өкілі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды