Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ашық диалог" порталы арқылы өтініш қалдырушылар саны неге азайып кетті –  Министрлік жауап берді

Азаматтар “Ашық диалог” платформасы арқылы мемлекеттік орган басшыларына өз өтініштері мен талап-арыздарын не себепті жолдауды тоқтатты? Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков "Ашық диалог" порталы арқылы өтініш берушілер санының азаюына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dialog.egov.kz / скриншот

Вице-министр мемлекеттік қызметкерлердің көзқарасы өзгеріп келе жатқандығын айтты. 

“Ашық диалог жобасы бар. Ол е-Gov-та. Мысалы, "Министрліктер үйінің" 16-шы кіреберісінде азаматтарды қабылдау кеңсесі ашылды. Бұрын ондай мүмкіндік болған емес. Ол жерге келгеннен кейін сізге вице-министр немесе министр шығады. Емін-еркін сұрақ қоя аласыз. Біз әр жұма сайын талқылап, азаматтарға жауап береміз. Тек сол "Ашық диалог" емес, "E-Өтініш", "e-Gov"бар. Егер сіз министрліктер өкілімен жеке сөйлескіңіз келсе, жоғарыда атап өткенімдей,16-шы кіреберісте азаматтарды қабылдау кеңсесі ашылды, сол жерге барып мәелені пысықтауға болады”,- деді Әділет вице-министрі ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Вице-министр атап өткендей,  "Ашық диалог" жобасы әлі де қоғамға қажет.

“Егер азаматтарға "Ашық диалог" арқылы ыңғайлы болса, солай да жүгінуге болады. Өзім тікелей барып сұрақ қоямын десе де болады немесе "Е-Өтініш" бар. Кез келген министрліктің басты мақсаты – азаматтарға жайлы қызмет көрсету. Байланыс жолдары неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімдірек,- дейді ол. 

Талқылау