Аша мен Арман болашақ сәбилерінің жынысын анықтады (фото)
Аша Матай мен Арман Қоңырбаев болашақ сәбилерінің жынысын анықтады. Жұлдызды жұп дүниеге қыз баланың келуін күтіп жүр екен.
Фото: іnstagram.com/asha_matai/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күн сайын болашақ сәбилеріне қатысты желіде Аша Матайға түрлі сұрақ қойылады. Ол мұндай сұрақтардан мезі болғанын айтып, жеке өміріне араласпауды сұраған-ды. Десе де, тележүргізуші бүгін болашақ перзенттерінің жынысын анықтағанын айтты. Ол мұны сурет арқылы жеткізуге тырысты.
Суретте “Бүгін анашым маған мына суретті жіберді. Ол жерде мен туралы жазылғанын айтты: Өзін өзі қолға алу – ер адамның міндеті. Ал мен қызбын. Қаласам – алысамын, қаласам – еркелеймін, қаласам – ешнәрсе қаламай қоямын!” деп жазылған.
Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары қуанып қалды. Тележүргізушінің аман-есен босануын тіледі. Мұнымен қатар, Аша Матай тағы бір сурет арқылы ішіндегі сәбиінің тынымсыз екенін жеткізді.
Жіберіп алмаңыздар:
Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар
Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық
Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алам ба деп қорқады
Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды