Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай көлігінің VIP номерін қыруар қаржыға сатып алғанын айтып мақтанды

Көлікке тағылатын VIP нөмірлерді үш жылдан бері сатылымға шығарған біздің мемлекет, 5,5 миллиардтан аса қаржыны қазынаға қосқан. Біздің жұлдыздар да, бұл «тауардың» саудасында аянып қалмағанға ұқсайды. Олар, темір тұлпарларының көрікті нөмірі үшін қанша қаражат жұмсады?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

777! Жеті санын қасиетті санайтын қазақ жұртының ең сұраныстағы нөмірі осы! Құны да соған сай – бес жүз мың теңгеге жуық! Дәл осы соманың жартысын төлеп, Аша Матай көрікті нөмірді көлігіне қадаған.

“Қарапайымдылықты қаламаймын. Шыны керек, “зеркальный” дейміз ғой. Айналы: 747! 7 саны мен 4 саны негізі жақсы сандар ғой, сондықтан 7 мен 4-і қаладым”, – дейді Аша.

Ақан Сатаевтың темір тұлпарының «таңбасы» VIP санатында емес. Дегенмен, режиссер үшін бұл нөмірдің маңызы зор!

“Менде 789 дейтін номер. Ол «Рэкетир» – дан келе жатқан сан”, – дейді Ақан Сатаев.

Айырылмас дос Санжар Мәдиев пен Нұртас Адамбай үшін де «сұлу сандардың» әжептеуір салмағы бар! Дегенмен, олар қалтасын еш жұқартпаған.

“Көлігімнің нөмірін 31-ші желтоқсан күні, сағат 18:30-да алғанмын. Кезектің соңында тұрған маған, МАИ қызметкерлері сол күні мерекелік сый жасап, 015 деген номір берді. Бұл үшін көк тиын да төлеген жоқпын”, – дейді актер Санжар Мәди.

Жасы менен әлдеқайда үлкен досым бар! Соның сыйлығы! Біраз, әжептеуір қымбат тұратын VIP нөмір”, – дейді кинорежиссер Нұртас Адамбай.

Қайрат Әділгерейге VIP нөмір үшін құн төлеу, ақшаны желге шашқанмен тең!

“Өзіме ыңғайлы, өзіме шақ! Көрпесіне қарай көсілу керек қой. VIP таққысы келсе, таға берсін. Мен ондайға аса мән бермеймін. Қарапайым шығармын”, – дейді әзілкеш.

Жұлдыздар көлікке көрікті нөмір тағу, мақтаныштан гөрі танымалдылық имиджіне сай болу деп сендіреді.

Жіберіп алмаңыз:

Динара Қырықбаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Қуандық Рахыммен бірге хит әнді шырқаған бүлдіршін батылдығымен жұртты таңғалдырды (видео)

Мақпал Жүнісова: Қызым әнді жақсы айтады, бірақ әнші болғысы келмейді

Нұрболат Абдуллин: Қайрат Нұртас – шашасына шаң жұқтырмаған палуан

Талқылау