Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапат алғанын сынағандарға жауап берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында билік бірқатар өнер жұлдыздары мен кино саласында еңбек етіп жүрген танымалдарды марапаттады. Олардың қатарында мемлекеттік “Құрмет” орденімен марапатталған актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова да бар. Алайда қуанышты хабарды жеткізгені сол еді, елбасының қолын алған Әсел сын астында қалды.
Фото әлеуметтік желіден
31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Әсел өзін сынағандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.
“Әрине, жақсы қабылдадым. Қуанып қалдым. Неге менің тарапыма соншалықты жағымсыз пікірлер жазылғанын білмеймін. Мүмкін дәл мені президенттің өзі жеке құттықтағандықтан шығар… Басқалардікі соншалықты жарқ етіп көрінген жоқ. Ал шын мәнінде биыл орден мен медаль көп адамға берілді”, – деп ақталды Әсел.
Сәдуақасова еңбегінің еленгеніне бір жағынан қуанғанын, ал екінші жағынан өкінгенін айтады. Себебі:
“Менің марапатыма келсек, көрерменіме мың алғыс. Шынымды айтсам соған лайықпын деп өзім ойламаймын. Бірақ екінші жағынан қарасаң, бұл алға қарай жетелейтін жақсы дүние. Енді алда жоспар көп, халықтың игілігіне орай жұмыс істей беремін”, – деді Әсел ағынан жарылып.
Айта кетейік, алғашқыда “Дауыс International” тобында ән салып, танылған Әсел соңғы жылдары тек кино түсірумен айналысып жүр. Аяқталуға қалған 2017 жылы Әселдің бірнеше кинокартинасы көрерменге ұсынылды. Олардың қатарынды “Келинка тоже человек” фильмі көрермен мен киносыншылар көңілінен шықты. Сондай-ақ, Әсел продюсерлік еткен “Ninety one” фильмі әсіресе, музыканы сүйетін жандарға қатты ұнады. Бірер күн бұрын “Пять причин не влюбиться в казаха” атты су жаңа кинокомедияның ел назарына ұсынылғанын да айта кетейік.
Жіберіп алмаңыз:
Нұртас Адамбай: соттан басқа ешкім Байзақованың ісіне араласпасын
70 жастағы павлодарлық қария халықтан Төреғалиді кешіруді сұрады (видео)
Димаш Брэд Питтен сымбатты болып шықты (видео)
Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаға арнап шығарған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)