Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Суға араластырып ішу керек: Ас содасының пайдасы анықталды

АҚШ-та медицина колледжінің мамандары ас содасының қауіпті аутоимунды аурулардан қорғайтынын анықтады.

Ас содасының ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, ас содасын суға араластырып ішу арқылы – ревматоидті артрит пен қызыл жегі ауруының алдын алуға болады. Тәжірибе барысында ас содасы тышқандарға берілді. Дәрігерлер асқазан қышқылының түзілуіне септігін тигізетінін дәлелдеді. Ал қышқыл өз кезегінде патогенді жасушаларды өлтіріп, ас қорытуға көмектеседі.

Сондай-ақ, дәрігерлердің болжамынша, сода көкбауырға түсетін салмақты азайтады. Осылайша ісіп-қызару процесін тудыратын М1 макрофагының мөлшері азайып, қабынуға қарсы М2 жасушаларының саны артады. Сондай-ақ, сода бүйрекке оңды әсерін тигізеді.

Зерттеу авторларының бірі, физиолог Пол О’Коннордың айтуынша, бүйрек аурулары кезінде қан қатты қышқылдануы мүмкін. Ал ол өз кезегінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен остеопороз дертіне шалдығу қаупін арттырады. Ал антацид бұл процессті тежейді.

“Клиникалық зерттеу барысында сода арқылы қанның қышқылдануын төмендетіп қана қоймай, бүйрек ауруын тоқтатуға болатыны анықталды”, – дейді ғалым.

Тағы оқыңыз: 

Туберкулезді екі айда емдейтін әдіс ойлап табылды

«Астана» медицина университетіндегі дау: Жалған сертификат сатқандар табылды

БҚО-да 4 жыл бұрын есінен танып құлаған Березовка ауылының екі баласы мүгедек болып қалуы мүмкін

Павлодарлық жас ана сәбиінің мүгедек болып туғаны үшін үш дәрігерді жауапқа тартуды талап етуде

STAN.KZ
Сенбі, 28 Сәуір, 2018 13:31
Талқылау