Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық жас ана сәбиінің мүгедек болып туғаны үшін үш дәрігерді жауапқа тартуды талап етуде

Елизавета Қалиева есімді павлодарлық жас ана баласының мүгедек болып туылғанына дәрігерлерді кінәлауда.

Әйелдің айтуынша, ол жүкті кезінде 4 рет ультрдыбыстық тексеруден өткен. Тек 32 апталығындағана дәрігерлер баланың қолы жетілмей қалағын айтқан, деп хабарлайды 31 арна.

Кішкентай Интисардың қолы дамымай қалған. Бір қолында үш, екінші қолында екі саусағы ғана бар. Қолының үсті керісінше айналып кеткен. Мұның бәрін дәрігерлер тек жүктіліктің 32-аптасында ғана білген.

Павлодарлық жас ана үш дәрігерді қылмыстық жауапқа тартуды талап етуде

«Тексеріп көрді. Емхананың құрылғылары сапасыз болуы мүмкін. Үш дәрігер әр аппараттан қарады. Бізде Қазақстанда құрылғылардың бәрі жарамсыз деген сөз бе?», – дейді анасы.

Бала туыған соң екі айдан кейін мүгедектік туралы құжат жасалды.

«Нәтижесінде 23 апталығында толық емес тексеру көрсеткіші шыққан. Бұл кезеңде шарананың жетілуі толықтай белгілі болуы тиіс», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ирина Сорокина.

Полицейлер бұл іс бойынша тергеуді бастады. Әзірге үш дәрігерді де куәгер ретінде тергеуде. Алайда олар куәгерден күдіктіге айналуы да мүмкін.

Тағы оқыңыз: 

ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер

Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы

Қазақ тілінде ақпарат беруге міндетті: Сенатор Оғыз Доғанды жақтады

Талқылау