Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы

Ақтөбеде жалғызбасты әке сот арқылы бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы. Басқа амалым жоқ дейді. Айтуынша, көкек ана бес жылдан бері ұл мен қызын іздемек түгілі, телефонмен тілдесуге де жарамапты.

 

Сорақысы – жеті жастағы бала туған анасын танымайды, деп хабаралйды Евразия арнасы.

«Менің қаным ғой, кімге міндет қылам мен?» – дейді отағасы.

Еділбайдың 14 жастағы қызы мен 7 жасар ұлын жалғыз өзі бағып-келе жатқанына бес жылдың жүзі болыпты. 11 жыл отасқан жары бір күннің ішінде күйеуін шиттей екі баламен тастап кетіп қалған. Еділбай оның себебін де іздеп жатпадым дейді. Бұған дейін де үйінен бір-екі рет кетіп қалған келіншегі келеді деп үміттенсе керек. Бірақ, балаларының анасының қайтып келер түрі байқалмайды. Сауықшыл келіншек содан бері әлі төбе көрсетпепті.

“Кеше звондайды. Мен айтам, не болды? Қосыласың ба деп едім? Ия, қосылам деді. Шамалыдан кейін телефонды, бәрін өшіріп тастады. Вахабистсің, террористсің сен, намаз оқиды, мені зорлайды деп айтады сотрудниктерге. Сен намаз оқымасаң, бізге ақша төлемейді деп айтады дейді. Мен ондай жоқ дедім” – дейді жалғызбасты әке Еділбай Керімбаев.

Келіншектің қылығына көрші-көлең де, енесі де әбден қанық . «Өтірігіне де құлағымыз үйренді» дейді. Қарт ана екі бала үй болып кетсін деп, барлық жағдайын жасағанын айтады. Тұрып жатқан 18 шаршы метр бөлмені де босатып беріпті. Бірақ, «ақшаға, жеңіл өмірге жақын келінім бәрібір ұлыммен бірге тұрғысы келмеді» дейді. Келіншектің шеше болып жарытатынына да күмәнмен қарайды.

«Осы қызды туғаннан кейін көрші үйге апарып тастайды бесікпен, бұл қызды дұрыстап қараған да жоқ. Ана жерге апарып тастайды, ия үйге жылатып тастап кетеді. Төрт класқа дейін ұрумен болды. Мынаны да сол. Екі жарым жасынан кетіп қалған. Мына бала танымайды» – дейді Еділбай Керімбаевтың анасы Қарлығаш Керімбаева.

Еділбайға ұл мен қызын бағып-қағуға зейнеткер шешесі қарайласады. 35 жастағы жігіттің тұрақты жұмысы бар. 50 мың теңге жалақыға күн көріп отыр. Соған шүкіршілік етеді. Балалардың сабақ үлгерімі де жақсы, мектептен шағым болмапты. Ал көрші-көлем үлгілі әкеге тіпті шаң жуытпайды. Еділбайдың бір ғана тілегі бар – ол бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айыру.

“Адвокатпен дайындап жатырмын.  Алимент төлетем” – дейді жалғызбасты әке Еділбай Керімбаев.

Мейірімсіз ана ювеналды полицияның өкілдерін де әбден «шаршатқанға» ұқсайды. 34 жастағы келіншек еш жерде жұмыс жасамайды екен. Басында баспанасы да жоқ. Таныстарының, ағайындарының үйін паналап жүреді. Инспекторлар келіншекке бірнеше мәрте ескерту де жасаған. Тіпті, екі рет әкімшілік жауапкершілікке де тартыпты.

«Бірақ, оған қарамастан, азаматша Сәрсенова өзіне еш нәтиже шығармай, сол балалар тәрбиесімен айналыспай, ана мейірімін сыйламай, мектепке бармай келеді» – дейді полиция инспекторы Гүлден Тілегенова.

Қазір ювеналды полициядағылар Керімбаевтың отбасына қатысты құжаттарды жинап жатыр. Соттан келіншекті ата-ана құқықығынан айыруды сұрамақшы. Алимент өндіру мәселесін де көтереміз дейді. Соңғы шешімді сот шығаратын болады.

Тағы оқыңыз: 

Төрт жасар қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдегер болды

Футболшы Самат Смақов төртінші рет әке атанды

Головкин: Бұл жекпе-жектің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар