Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АРТиШОК театрында "Казахские страшные сказки" сериалының көрсетілімі өтті

АРТиШОК театрында

29 қазан күні АРТиШОК театрында Freedom Media онлайн-кинотеатры ұсынған режиссер Әділхан Ержановтың жаңа мистикалық детективі — “Казахские страшные сказки” сериалының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұсаукесерге сериалдың шығармашылық тобы мен актерлері, кино саласындағы танымал жұлдыздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараның ерекше атмосферасын жарық, дыбыс және ерекше декорациялар көркемдей түсті. Ал театр актерлері ұлттық мистикалық бейнелер арқылы қонақтарға шынайы иммерсивті әсер сыйлады.

Көрсетілімнің уақыты мен орны кездейсоқ таңдалған жоқ.

“Қазақтың қорқынышты ертегілері” – атмосферасын сезініп көруді қажет ететін ерекше сериал. Біз шара қонақтарының режиссер Әділхан Ержанов құрған тылсым әлемге толықтай енуі үшін бар жағдай жасадық. Хэллоуин қарсаңында біз әлемде тек батыстық хоррорды ғана емес, қазақ хорроры да бар екенін көрсеткіміз келді. “Ертегілердің” халықаралық фестивальдерде жәнешетелдік БАҚ өкілдерінің үлкен қызығушылық танытқаны — соның айғағы. Ал ARTиШОК театры дәл осы сериалдың көрсетіліміне сай жер деп шештік. Оның үстіне басты рөлді сомдаған Қуантай Әбдімәди — сол театрдың жетекші актерлерінің бірі”, — дейді Freedom Media компаниясының бас директоры Тимур Баиров.

АРТиШОК театрында

Фестивальдерден көрерменге

Онлайн көрсетілімге дейін “Казахские страшные сказки” сериалы әлемнің беделді кинофорумдарында – Fantasia International Film Festival (Канада), L’Etrange Festival (Франция), Seriesly Berlin (Германия) және Slash Film Festival (Австрия) фестивальдерінде көпшіліктің жоғары бағасын алды.

Жоба шетелдік сыншылар мен көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Халықаралық БАҚ өкілдері сериалдың авторлық көзқарасын, ұлттық мәдениет пен жанрлық элементтердің керемет үйлесімін атап өтті:

  1. Screen Daily (Ұлыбритания): “Жанрлық бумға елеулі үлес қосқан туынды”
  2. Loud and Clear Reviews (АҚШ): “Хоррор мен мәдени кодтың ерекше үйлесімі”, Fantasia 2025 фестивалінің ең көрілуге тиіс жобасы
  3. Cinapse (АҚШ): “Фольклорлық хоррорды жаңа қырынан танытқан инновациялық тәсіл”
  4. Horror Press (АҚШ): “Жанр жанкүйерлері үшін міндетті түрде көруге лайық хоррор-антология”
  5. Screen Anarchy (Канада): Сериалды Fantasia Festival бағдарламасының басты тұсаукесерлерінің қатарына енгізді.

Жоба туралы

“Казахские страшные сказки” — dark fantasy мен мистикалық детектив жанрларын тоғыстырған ерекше сериал. Шығарманың өзегі — қазақ фольклорының тереңінен нәр алған тылсым әлем.

Басты кейіпкер — тергеуші Біржан, Қазақстанның шалғай өңіріндегі бірқатар жұмбақ қылмыстарды зерттеп жүріп, ежелгі аңыздарда ғана айтылатын рухтар мен жаратылыстардың шынайы өмірде бар екеніне куә болады.

Сериалдың әр бөлімі — өз алдына жеке хикая болғанымен, барлығы ортақ желімен байланысқан. Онда мистика мен драма тоғысып, ненің шын, ненің тылсым екені көрерменді терең ойға салады.

АРТиШОК театрында

Авторлық көзқарас

“Біздің ертегілер – тек жындар мен рухтар туралы емес, ол – адам бойындағы үрей көрінісі. Мен осы қорқыныштың өзінен де поэзия мен мағына табуға болатынын көрсеткім келді”, – дейді сериалдың режисері Әділхан Ержанов.

Сериалдың көркемдік шешімінде компьютерлік графикаға қарағанда практикалық эффектілерге — гримге, механика мен аниматроникаға көбірек мән берілген. Осы тәсілдің нәтижесінде туынды шынайы хоррор жанрының қорқынышқа толы атмосферасын сездіреді.

Актерлік құрам

Сериалда:  Қуантай Әбдімәди, Анна Старченко, Шах-Мұрат Ордабаев, Азиз Бейшеналиев, Динара Бақтыбаева, Айбар Салы, Данияр Алшинов, Санжар Мади, Әсел Қалиева, Еркін Губашев және басқа да талантты актерлер ойнайды.

Freedom Media онлайн-кинотеатрында көрсетіліп жақан “Казахские страшные сказки” сериалының тұсаукесері 2025 жылдың 30 қазан күні өтті. Мистикалық детектив жанрындағы сериал 10 бөлімнен тұрады. Жаңа бөлімдер әр бейсенбі сайын шығады. “Казахские страшные сказки” сериалының алғашқы бөлімін дәл қазір Freedom Media онлайн-кинотеатрынан көріңіз!

Айым Болатқызы
Жұма, 31 Қазан, 2025 15:43
Талқылау