Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медеудегі қыз зорлау ісі: Қылмыскердің жазаны өтеу мерзімі ұзартылды

Алматы қаласында «Медеу» мұз айдынындағы дәретханалардың бірінде 16 жастағы қызды зорлаған айыпталушыға қатысты аппелияциялық сот отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Медеуде қыз зорлаған жігіттің жазасы ауырлады

Бұл оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Ол 16 жастағы қызды «Медеу» мұз айдынының әжетханаларының бірінде зорлап тастаған.  Қылмыскер Асылан Құрманәлі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 300 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелген еді. Оның әйелі және балалары бары анықталған.

Алайда, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Аслан Құрманәлі мерзімінен босап шығып жатқан жағдайда тиісті органдар мен мекемелердің көмегіне жүгінетінін айтқан еді. Себебі, азамат 9 жыл ішінде жеті рет істі болып, жазадан сытылып кетіп отырған.

"Жазасын өтеу мерзімі 4 жыл 2 айға ұзартылды. Соттың шешімен келісемін. 121-бап бойынша "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" қылмысы мерзімі сол күйінде қалды. Ал қалған жыл оның бұрынғы қылмыстары үшін қосылды", - деді "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Ал, жәбірленуші соттың бұл шешімімен келіскенімен, қылмыскердің өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын қалайтынын жеткізді.

"Соттың шешімімен келісемін. Дегенмен мұндай адамдар өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалаймын", - дейді жәбірленуші.

Ал, моральдық шығын ретінде бекітілген 300 мың теңге өтемақы өтелмеген. Жәбірленушінің айтуынша, ер адамның әйелі оны төлеуден бас тартқан екен. 

Еске сала кетсек, осы жылдың наурызында "Медеу" мұз айдынындағы әжетханалардың бірінде ер адам 16 жастағы қызды зорлап тастағаны туралы хабарланған болатын. 

Талқылау