Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Артық майын алдырған": Зарина Омарова ота жасады

зарина омарова Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Зарина Омарова денесіне ота жасап, артық салмақтан арылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ота жасауды көптен бері ойлап жүргенін айтты.

“Мен бұл қадамға амалсыз бардым. Осыған дейін ешкімге ештеңе айта алмадым. Артық салмақпен ұзақ уақыт күрестім. Болмады. Сахнаның адамы болғандықтан, осылай жасауға мәжбүр болдым. Ота алдында қорыққанымнан қатты жыладым. Бірақ дәрігерлерге сенім арттым", – деп әнші жан сырын ақтарды.



Эстрада жұлдызының әкесі композитор Марат Омаров та қызына қолдау білдірді.

“Қызым әрқашанда жолың ашық болсын! Қорқыныштың артында, қуаныштың да күні алыс емес. Бақытты бол жаным!" – деп жазды сазгер.

Желі қолданушылары әншінің су жаңа дене бітімін талқылап жатыр.

“Артық май мен ісікті кетіретін ота жасаған”, “Мен де 4 бала туып, дене бітімімді өзгертіп алдым. Өзімді керемет сезінемін”, “Спорт пен диета көмектеспеген бе сонда?!”, “Менің құдашам жасатып, өліп кетті”, “Су жаңа салмағыңыз құтты болсын”, – деп жазды көпшілік.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 10:45
Талқылау