Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" өнер жұлдыздардың қатысуымен қала тұрғындарына мерекелік кеш ұйымдастырды

"АрселорМиттал Теміртау" жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына белгілі қазақстандық өнер жұлдыздарының мерекелік концерт ұйымдастырды.

Жұртшылық "АрселорМиттал Теміртау" ұйымдастырған жаңа жыл қарсаңындағы фестивальде бас қосты. Мұз спорт сарайында танымал өнер иелерінің хиттері, ырғақты әуен мен жоғары сапалы дыбыс тұрғындарды таңдандырды.

Мерекелік концерт "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонскийдің құттықтау сөзімен басталды.

“Жаңа жыл қарсаңында "АрселорМиттал Теміртау" осы тамаша фестивальді барша қала тұрғындарына, жастарға ұсынады. Жаңа жыл – өміріміздің жаңа парағы. Сол жаңа парақта қауіпсіз жұмыс пен өркендеп өсуге, сәттілік пен жетістікке толы болсын деп тілеймін!” – деді Владимир Яблонский.

Кейін әкімдігінің атынан құттықтау сөз кезегі Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы Алексей Ломакинге берілді.

“Мереке барысында қаламыздың үздік жастары жиналыпты. Жаңа жылда барлық армандар орындалады. Бәріңіздің шынайы бақытты болғандарыңызды қалаймын. Бұл мереке қаламыздың ең көрікті жастары сіздерге арналады”, – деді Алексей Ломакин.

Концертті бірінші болып еліміздегі ең талантты орындаушылардың бірі павлодарлық әнші abdr бастады. Оның музыкасы ерекше ырғақтар мен мотивтерге толы, терең лирикада. Жиналғандар құлақ құрышын қандырды.

Көпшілік Tanir & Tyomcha дуэтінің өнерін де тағатсыздана күтті. "Da Da Da", "До мурашек", "Потеряли пацана" сияқты танымал әндерді тыңдарман орындаушылармен қосыла айтты. Сонымен қатар өнер иелерінің жаңа әндерін де теміртаулықтар бірінші болып тыңдады.

Жаңа жылдық фестиваль отандық шоу-бизнестегі 15 жылдан астам танымал топтардың бірі болып келе жатқан Rin'Go бойзбендінің өнер көрсетуімен аяқталды.  Олардың мінсіз хореографиялық билері, энергиясы мен сөзсіз вокалдық таланты жұртшылықтың дүбірлі қошеметіне бөленді.

Теміртау жастары әр әншіні қошеметпен қарсы алды. Көрермендер шақырылған жұлдыздармен бірге ән шырқап, би билеп, жағымды пікірлерін ортаға салды.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Жаңа жылдық фестивалі" қала тұрғындарына үлкен әсер қалдырып, барлығына мерекелік көңіл күй сыйлады.

“Концерт өте керемет және көңілді өтті! Билеп, шамдарымызды жағып, көңіл көтердік. Бізге Tanir & Tyomcha қатты ұнады. Олармен қосылып ән салдық. АрселорМиттал Теміртау компаниясына керемет концерт үшін алғыс білдіремін. Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын!”, – деді тұрғын Анастасия Пруткова.

Тұрғын Бауыржан Көпжасаров та керемет әсерлерімен бөлісті. Сөзінше, сүйікті жұлдыздарын көруді көптен күткен. Тыңдарман тіпті олармен суретке де түсіп үлгергеніне қуанышты. Ол ауқымды концерттің ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

“Барлық орындаушылар тамаша өнер көрсетті. “АрселорМиттал Теміртаудың” арқасында бұл керемет кеш болды. Мұнда менің сүйікті әртісім abdr ән айтты. Тіпті маған қолын бұлғады, мен өте қуаныштымын”, – деді Ұлпан Абзалбекова.

Болнұр Тұрпемаева сүйікті тобы Rin'Go-ны көргеніне қуанғанын жасырмады.

“Олар тамаша өнер көрсетті. Маған және достарыма концерт қатты ұнады”, – деді ол.

“Осындай керемет жұлдыздардың келуі үлкен тосынсый болды. Мен Tanir & Tyomcha тобының жанкүйерімін және "АрселорМиттал Теміртау" олардың қатысуымен концерт ұйымдастырғанына қатты қуандым. Бұл өте керемет болды! Әртістер жанды дауыста ән шырқады. Менің жолым болды, тіпті сүйікті орындаушыларыммен селфиге де түстім”, – деді Галина Полтоянен.

“Маған концерт өте ұнады. Топтар керемет және көңілді болды. Әндердің бәрі жалынға толы. Осындай шарадан кейін жаңа жылдық көңіл күй пайда болды. Осы сәтті пайдалана отырып, жаңа 2023 жылда баршаңызға бақ-береке, амандық, денсаулық және барлық тілектердің орындалуын тілеймін”, – деп құттықтады Мөлдір Жолдыбаева.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 26 Желтоқсан, 2022 13:47