Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы металлургтер қаласының маңында 70 мың ағаш отырғызбақ

Теміртауда күзгі көшет науқанына қызу дайындық жүріп жатыр. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 2022 жылы қала маңында 100 000 ағаш отырғызып, 340 гектар аумақты көгалдандыру міндетін өз мойнына алды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ экология бойынша директоры Мадина Қуантаева Теміртауда қандай ағаштар пайда болатынын және жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын айтып берді. 

– Мадина Маратқызы, күзгі ағаш отырғызу кезінде көшеттердің қанша пайызы топыраққа сіңісіп кетеді? 

– Көшет пен сеппе көшеттің түрін таңдау ғана емес, оны топыраққа дұрыс отырғызу да маңызды. Сарапшылардың кеңесі ескерілді, сондықтан пайыз да жоғары, шамамен, 70-90% болады деп күтіп отырмыз. Күзгі көшеттердің артықшылығы бар, себебі күзде өзге мезгілдерге қарағанда ауа райы қолайлы болады. Жазда жер қызады, ал күзде ыстық жоқ, көшеттерде вегетация кезеңі аяқталады және өсімдік тамыр жүйесін дамытуға бар күшін арнайды. Сонымен қатар көшеттер температураның түсіп кетуіне шыдамды болады. 

– Күзде ағаштардың қандай түрлері егіледі?

– Биіктігі 1,5-2 метр болатын жас, тамыр жүйесі ашық және жапырақты ағаш түрлері отырғызылады. Олардың қатарында үйеңкі, пирамидалы терек, жасыл шаған, жабайы алма, кәдімгі мойыл, татар үйеңкісі, жіңішкежапырақты жиде, ағаш тектес тал бар. Бұдан бөлек кей аймақтарда жайпақ жапырақты ағаштар тоғайы түріндегі қоршау қарастырылған, олардың биіктігі 0,8-1 метрден аспайды.

– Неліктен дәл осы ағаш түрлері таңдалды?

– Әр аймақта ағаш таңдауды жекелей қарастырдық. Орналасуы мен топырақ құрамы да жеке есепке алынады. Мамандардың кеңесі бойынша көшет материалы да таңдалды. 

– Ағашты екпес бұрын топырақ қалай дайындалады?

– Аймақ қоқыстан тазартылып, тегістеледі. Оңай көрінгенімен, мұнда көптеген техника мен адамдар жұмыс істейді: тиегіш, шұңқыр қазушы, тиегіш экскаватор, ор қазуға арналған шағын тиегіш, жарамсыз топырақты шығаруға арналған жүк көлігі жұмылдырылады. Сырттай бұл құрылыс секілді көрінеді. Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мамандары жүргізген топырақты зерттеу есебі негізінде мұнда топырақтың құнарлылығын арттыру керек. Сондықтан қара топырақ, шірінділер, құм әкелініп, топырақ фосфор, калий, азот сынды минералды тыңайтқыштармен тыңайтылуда. Көшет отырғызу схемасын дайындау үшін геодезиялық жұмыстар жүріп жатыр. Әрі қарай жүйесі құрылып, әзірленеді.

– Көшеттерді сақтау үшін қоршаулар қою сынды қосымша шара қабылдана ма?

– Жер телімдердің бірінде мынадай мәселеге тап болдық: ірі қара аумаққа кіріп, көшеттерді сындырған. Сондықтан тормен қоршауға тура келді. Егер өзге де телімдерде осындай проблемаға тап болсақ, соған сәйкес шара қабылданады. 

– Компания өз ауласын көгалдандырғысы келетін көпқабатты үйлердің тұрғындарына көшет таратады. Көшет алу үшін өтінішті қалай беру керек?

– Бұл үшін +7-771+053-23-89 телефон нөміріне хабарласып, жеке және байланыс деректерін, көшет отырғызылатын орынды көрсету керек. Өтінішті компанияның "жасыл офицері" Наталья Пацук және қалалық мәслихат депутаты, қоғам қайраткері Елена Варганова қабылдайды. 

– Күзгі мезгілде қанша көшет отырғызу жоспарланды?

– Күзгі көшеттердің топыраққа бейімделуі жоғары болғандықтан, көктемде 30 мың, күзде көп бөлігі – 70 мың ағаш егілді. 

– Егілген көшеттердің қандай экологиялық пайдасы болады деп күтілуде?

– Ағаш егу биологиялық әртүрлілікті сақтап, су сапасын жақсартып, қалалық аудандарды көлеңкемен қамтып және көміртек бөлінуін азайтады. Ағаштардың ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, ішінде байланысқан көмірқышқыл түрінде жиналатыны барлығына белгілі. Көшеттер ғаламдық жылынудың жылдамдығына айтарлықтай әсер ететін көміртектің қостотығын барынша сіңіреді. Әрине, ағаш отырғызу бөлінетін антропогендік көмірқышқылдың орнын толтырады. Көгалдарды көбейту – көмірқышқылды азайтудың бір жолы. 

– Мадина Маратқызы, ағаш егуге сіз де қатысасыз ба?

– Міндетті түрде! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз және барлығымыз оның гүлденуі мен көгалдануында өз үлесін қосуы керек деген сенімдемін. Біз әр уақытта жергілікті қоғамдастықтармен серіктестікке әзірміз. Сондықтан қоғамдастық өкілдері және қаланың өзге де тұрғындары біздің күзгі ағаш отырғызу науқанына ат салысса, қуанамыз

– Сұхбатыңызға көп рахмет!

Талқылау