Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтаға түсу техникаларын жаңарту арқылы рекордтық көрсеткіш жасады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті шахтаға түсу техникаларын жаңарту арқылы рекордтық көрсеткішке ие болды. Бұл жобаға жұмсалған инвестицияның жалпы сомасы 27,6 миллион доллардан асады. 

Көмір басқармасындағы тау-кен жабдықтарын жаңарту кеншілердің еңбек жағдайын жеңілдетті. Бұл ірі жоба өткен жылы басталып, 25 жаңа туннель қазу машинасы сатып алынды. Соның арқасында бүгінде жақсы нәтижелер көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта тоғыз жол комбайны жұмыс істеп тұр. Жақын арада Көмір басқармасының шахталары 100% жаңа техникамен жабдықталмақ.

“2022 жылы Көмір департаменті заманауи жоғары өнімді автоматтандырылған туннельдеу машиналарын сатып алуға қомақты инвестиция салды. Соның арқасында керемет нәтиже мен тұрақты өнімділікті көріп отырмыз. Алайда ең бастысы қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі екенін де айта кетейік. Жобаның мақсаты да тау-кен өндіру процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Жабдықтарды жоғары механикаландыру арқылы біз қауіпті аймаққа түспей-ақ операцияларды қашықтан орындауға мүмкіндік аламыз. Өндірістік компания тығыз кесте бойынша жұмыс істеуде”, – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Белгілі қытайлық Sany Heavy Equipment CO.LTD ұсынған жаңа өту комбайндары заманауи техникалық әзірлемелермен жабдықталған. 

Бұл техникалардың тағы бір артықшылығы оларда бұрғылау құралы орналасқан. Одан бөлек шахтерлерді ауыр және қауіпті жұмыстардан қорғайтын анкерлік бекітпелер де қойылған. Бұл механикаландыру жұмыстын орындау кезінде қауіпті аймақта адамдардың болмауын қамтамасыз етеді.

Жаңа техника ақпанның 28 күнінде-ақ көмір өндіру бойынша рекордтық нәтиже көрсетті. Башкиров бригадасындағы Костенко шахтасы 201 метрді бағындырды.

“Шахта бұдан да көп көмір өндіріп, одан да жақсы жұмыс істеуі үшін жаңа лава дайындалуда. Қыркүйек айында оны қуаттандыруға тырысамыз. Ал жаңа жабдытың сапасы керемет. Соның арқасында ағаш кесу процесі тез жасалып, жылдамдығымыз да жоғарылай бастады. Айына 200 метрді бағындырып отырмыз. Ұжым қуанышты. Себебі бұл комбайншыларға ыңғайлы бола бастады”,– деді Башкиров атындағы шахтаның бригадирі Евгений Александрович.

Қазір жабдықтарды жаңғыртып, одан әрі дамыту жоспарлары белгіленген. Тиімді жұмыс істеу үшін жобалар да әзірленуде.