Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өз қаражатына электржабдықтарының маманын оқытып, жұмысқа алады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өз қаражаты есебінен электржабдықтарының маманын оқыту бойынша пилоттық жоба бастады. Мұнда жас мамандар үш ай құнды білім алып, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Курсты аяғына дейін ойдағыдай аяқтағандар мемлекеттік стандарттағы 4-санаттағы электрик біліктілік сертификаттарын алып, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ұжымына қосыла алады.

Жобаға қатысушылар арасында қатаң конкурстық іріктеу өтті. Әр орынға 3 үміткер таласты. Комиссия жүзге жуық өтінішті қарап, оның ішінде екі топ құрды. Оның біріншісіне 1 наурызда кесте құрылса, екіншісі 15 наурызда оқу-жаттығуды бастамақ.

“Мен бұл жоба туралы ақпаратты әлеуметтік желіден көрдім. Қызығушылығым артып, үйренуге ешқашан кеш емес деп ойладым. Өзімді сынап, міне нәтижесінде келіп отырмын. Бұл мамандық мені әрқашан қызықтырған. Әрі ірі кәсіпорында жұмыс істегім келеді”,- деді жобаға қатысушы Сергей Грязнов.

“Мен де жоба туралы желіден білдім. Болашағы зор болса неге тырыспасқа?”- деді Максим Начук.

Жас мамандарды оқыту бағдарламасы үш айға есептелген. Оқудың теориялық бөлігі – Теміртау жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында өтеді. Бұл оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Ал өндірістік тәжірибе зауыт цехтарында, жүргізілмек.

“Бұл жобаның басталуын асыға күттік. Себебі зауытымызда электриктердің тапшылығы білінеді. Ал оларсыз тиімді және қауіпсіз өндірісті елестету мүмкін емес. Бұл топтар бізге зауыттағы электриктердің штатын толықтыруға көмектеседі деп сенеміз. Жігіттер үш ай бойы оқытылады. Біз оларды қайта даярлаудан кейін өз өндірісімізде көргіміз келеді. Осы үш ай ішінде олар барлық қажетті білім алады. Біз үшін бұл топ өте маңызды, барлық жігіттер біздің қызметкер болады деп сенеміз”, - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірістік директоры Сергей Голубцов.

Электр монтерлері даярланатын оқу бағдарламасы заманауи өндіріске толығымен бейімделген.

“Бағдарламаның негізгі модульіне қауіпсіздік техникасы, мамандыққа кіріспе, еңбекті қорғау кіреді. Ал кәсіби модульдерге колледж стендтерінде, жаттығу алаңдарында тікелей жұмыс жатады. Мұнда электроника негіздерімен, электр жабдықтарын монтаждаумен, пайдалану және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бағдарламаның өзінде кәсіптік практика мен өндірістік оқытудың 60 пайызы қамтылған. Ал оқудың 40 пайызы колледжде, зертханадағы тренажерларда өтеді”,- деді Теміртау жоғары политехника колледжі директорының оқу және өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Бегзат Ахметов.

“Құрметті біздің болашақ әріптестер, сіздерді электрик мамандығы бойынша оқу бағдарламасының басталуымен құттықтаймыз. Қазіргі таңда бұл кәсіп еңбек нарығында, қаламызда және бүкіл Қарағанды ​​облысында сұранысқа ие. Осыған байланысты біз бұл жобаны Жоғары политехникалық колледждегі әріптестермен жасадық. Оқу бағдарламасы толығымен біздің өндіріске арнайы бейімделген және сіздердің оқуларыңыз үшін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және колледж тарапынан барлық жағдай жасалған. Сіздерге үлкен үміт артамыз. Сәттілік, жоғары нәтижелер тілейміз және білікті мамандарды компаниямызға асыға күтеміз”, - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат металлургиялық департаментінің кадрлармен жұмыс жөніндегі директоры Еркебұлан Мұқанов.

“Жас жігіттер көп келіп жатыр екен. Осы курсты ойдағыдай аяқтап, таңдаған салаңыздың кәсіби маманы болуларыңызға тілектеспін. Қаламыздың қолдаушысы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ зауыты өркендей берсін”,- деді Теміртау жоғары политехника колледжі директоры Салтанат Ақбергенова.

Талқылау