Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургтері мен кеншілерін "Шахтер" демалыс үйі қарсы алуға дайын

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургтер мен кеншілердің демалуы үшін жоғары деңгейде жағдай жасайды. Осыған орай бас директор Владимир Яблонский жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан "Шахтер" демалыс үйінде болып, ғимараттың жағдайын тексеріп қайтты. 

"Шахтер" демалыс үйі біраз уақыттан бері жөндеуге жабылған еді. Мұнда маусым айының басында ғимарат, асхана мен оның маңы ретке келтірілді.

Қарқаралы өңіріне сапары барысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский демалыс үйінің ашылуына дайындық барысымен танысты. "Шахтер" демалыс үйінің менеджері Виталий Олейник қазірдің өзінде атқарылған жұмыстар мен әлі не істеу керектігі туралы айтып берді.

“Іргелес аумақта пирс, қайық вокзалы, субұрқақ қалпына келтіріліп, ретке келтірілді. Демалыс үйі алғашқы келушілерін қарсы алып жатыр. Қазір біз бірінші корпустың қасбетін қалпына келтіріп, бөлмелерді жөндеу жұмыстарын бастап жатырмыз. Сонымен қатар жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жөндеуден өткіземіз”,- деді Виталий Олейник.

Виталий Олейник бұл жөндеу жұмыстарының демалушылардың жайлылығына әсер етпейтіндей ұйымдастырылғанына сендірді. Сонымен қатар, бас директор тек демалушылар үшін ғана емес, демалыс үйінің аумағында емес жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін де жағажай ұйымдастыруды тапсырды. Қоғамдық тамақтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жаңа мердігер металлургтер мен кеншілерді сапалы әрі дәмді тамақтандыруға бар күш-жігерін салуда.

“Асхана жағдайының сапасын арттырып, қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында заманауи талаптарға сай жаңа құрал-жабдықтар сатып алдық. Мысалы көріп тұрғандарыңызды тоңазытқыш деп ойлауларыңыз мүмкін. Алайда бұл 500 дана мантыны 20 минуттан аз уақытта пісіруге болатын заманауи қысымды пеш! Стеллаждар, пештер, үстелдер және басқа да функционалдық жабдықтар асханаға жеткізілді. Ыдыс-аяқтарды да ауыстырамыз. Біздің ұжымның қоғамдық тамақтандыру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Демалушылар біздің күш-жігерімізді бағалайтынына сенімдімін!”, – дейді Данияр Қалымбетов. 

Бас директор желіде жұмысшылардан жиі келетін бассейннің қашан жөнделетіні туралы көптеген сұрақтар бойынша мәселе қолға алынатынын айтты.

“Бассейнді жыл соңына дейін сапалы жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру керек. Бұл жерде атқарылған және жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескерсек, нақты уақытта берілетініне сенімдімін. Металлургтер мен кеншілеріміздің демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру өте маңызды”,–  деп атап өтті Владимир Яблонский.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлеріне ваучерлер жеткілікті болу үшін компания басшылығы коммерциялық ваучерлерді сатудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлері бұрынғыдай "Шахтерде" демалу үшін кәсіподақ комитетіне немесе әлеуметтік нысандарды басқару бөліміне хабарласа алады.