Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АрселорМиттал серіктестік қызметін жалғастырады – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Үкімет пен АрселорМиттал компаниясы, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен операциялары қызметінің бағытына қатысты келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“АрселорМиттал Теміртау” осы жылдар ішінде өзін стратегиялық серіктес ретінде көрсете алды. Сондықтан оның қызметін тиімді жоспарлап,  ұйымдастыру және оның мүдделі тараптары үшін кез келген қолайсыздықты болдырмау үшін барлық күш-жігер жұмсалады. АрселорМиттал өз клиенттері үшін сенімді серіктес мәртебесін сақтауды жалғастырады”, – деп мәлімдеді өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі АрселорМитталдың құқықтары туралы айтты.

  • Теміртаудағы Болат зауыты, көмір бөлімшесі, Ақтаудағы құбыр зауытын және ТМД елдеріндегі өкілдіктерді қоса алғанда Арселор Митталдың барлық құқықтар мен міндеттемелері сақталады.
  • Үкімет пен АрселорМиттал клиенттермен жеткізу келісімдерін, тауарлар мен қызметтерді қабылдау, қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді сақтауға қатысты бизнесті толық жалғастыруды қамтамасыз етеді.
  • Тапсырыстарды брондау, келісімшарттар жасасу, жөнелту, есеп айырысу және жеткізушілермен келісімшарттар жасасуды қоса алғанда, әдеттегідей жұмыс істейді.

Еске салайық, апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Қарағанды ​​облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле қазірдің өзінде аяқталып жатқанын мәлімдеген

Айта кетейік, бұған дейін егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса, құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені айтылған.

Қазақстанда Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

31-қазанда төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі табылғанын мәлімдеді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр құпия сақтап отырған "АрселорМиттал Теміртаудың" болашақ иесінің Ресей президенті Владимир Путинмен және ресейлік олигархтармен байланысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Талқылау