АрселорМиталлға тексеріс жүргізетін компания таңдалып жатыр – Экология министрі
"АрселорМиттал" компаниясының қызметіне қатысты тексеріс басталады. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова тексерісті сапалы жүргізетін компанияның таңдалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тексеруді жүзеге асыратын компанияны таңдаймыз. Бізге бірнеше ұсыныс келіп түсті, оларды мұқият қарастырамыз. Өйткені тексеріс сапалы жүргізілуі керек. Осы аптада компанияны таңдап, содан соң "АрселорМиттал" қызметін тексеруге қатысты материалдарды әзірлеп жібереміз. Тексеріс құны компанияның баға ұсынысына қарай анықталады. Әзірге бюджет жағы нақтыланған жоқ. Сома тексерісті жүргізетін компания өткізетін іс-шараға байланысты белгіленеді", – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Еске салсақ, былтыр жыл соңында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қоршаған ортаны ластағаны үшін 5,8 млрд теңге айыппұл салынған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”