"Жиеніме арнайы жасаттым": Төреғали Төрәлі қарындасына ерекше сыйлық тарту етті
Танымал әнші, Төреғали Төреәлі қарындасы Дина Төреәлінің ұлына домбыра сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/
Қараша айында босанған блогер ару баласына бесік той жасады. Әнші ағасы сапарда жүрсе де, құттықтап кіріп шығып, сыйлығын табыстаған.
“Концерттеріне дайындық қызу жүріп жатса да, жұмыстарының арасынан уақыт тауып, қуанышымызды бөлісіп, сыйы мен жырымен келіп, ән шашуын айтып кеткен ағабай мен жеңешеме рахмет! Таңда ұшып келіп түнде қайта ұшып кетті. Сіздерді қатты жақсы көремін”, – деп жазды блогер.
-
"Барлық баланың арманы": Динара Сұлтан анасына ерекше сыйлық жасады
-
"Димаштың қолтаңбасы бар": "Қазақстан аруы өзіне берілген ерекше сыйлықты аукционға шығармақ
Өнер иесі жиенінің бесік тойына құр қол келмей, ерекше сыйлық ала келіпті.
“Ес білгелі домбыра ұстап жүрсек те, осы бір киелі аспапты ешкімге сыйламаппын. Жиенім Ерманбиге ерекше сыйлық бергім келді. Арнайы отандық шеберлердің қолынан шыққан ұлттық аспапты сыйлаймын. Аты-жөнін де арнайы жаздырттым. Жиен өскесін қолына алар. Оған дейін құдама беремін”, – деп сыйлықты атасына ұстатты әнші.
Еске салайық, той иесі ұлының нағашылары әкелген дүниенің жартысы Америкадан келіп үлгермей қалғанын айтқан еді.