Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арнайы жасақ Алматы, Жетісу және Алматы облысында бопсалаушылар тобын ұстады

Алматы, Жетісу және Алматы облысында арнайы жасақ бопсалаушылар тобын ұстады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

арнайы жасак

Полицияның таратқан ақпаратына сүйенсек, Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаушылар тобын ұстаған. Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған.

“Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 наурызында Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған”, – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.



Ұсталғандар қамауға алынды.

“Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады”, – деді Дулат Қайыр.

Талқылау