Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арнау айтып, шабыт бердім": Айнұр Тұрсынбаева футболшы Бақтиер Зайнутдиновті қонаққа шақырды

Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева атақты "Бешикташ" клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновті қонақ етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz

Өнер иесі футболшыны Ыстамбұл қаласындағы вилласына шақырып, жақындарының басын қосты. 

“Қазақтың етін сағынып жүр ғой деп тағы шақырып алдық. Арнау айтып, кішкене шабыт беріп қойдым, енді тек жеңімпаз боламын деп кетті. Үйлеріңізден қонақ кетпесін", – деп жазды айтыс саласының өкілі. 



Осыдан кейін ақын футболшыға арнап арнау әнін айтып, спорт жолында сәттілік тіледі. 

"Өлеңмен арнау айтуға,
Домбырамды алып, жайландым.
Отыз жыл жүрген айтыста,
Ақын қызымын найманның.

Қазаққа ортақ қыз едім,
Тараздай асыл халықтың.
Қазығына келіп байландым.
Қош келдің, бізге Бақтияр,

Қонақ болып бүгін жайландың.
Тараздың емес, қазақтың,
Мақтанышына айналдың", – деп әндетті айтыскер ақын. 

Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов Түркия кубогінің иегері атанғанын жазған едік. 

 

Талқылау