Армения Әзірбайжанды Таулы Қарабақтағы армяндарға кемсітушілік көрсетті деп халықаралық сотқа берді
Армения Әзірбайжанға қарсы БҰҰ сотына арыз берді. Ол Бакуді Таулы Қарабақта нәсілдік кемсітушілік жасады деп айыптауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
28 қыркүйекте армян тарабы соттан "Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияда бекітілген құқықтарды сақтау және қорғау үшін" шаралар қабылдауды талап еткен.
Осы талаптардың қатарында азаматтық хал актілерінің, жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ Таулы Қарабақ билігі шығарған меншік құқықтары мен жазбаларын сақтау және тану бар.
Бұған дейін Таулы Қарабақ республика ретінде жойылатыны айтылды. Арменияға Қарабақтан 30 мыңға жуық иммигрант келгені хабарланған.
Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Әзірбайжан билігі Қарабақта жергілікті операция жариялады. Баку операциясының мақсаты қарусыздану және армян армиясының бөлімшелерін аймақ аумағынан шығару болды. Бір тәуліктен кейін тараптар арасында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді.