Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Арманыңа жет, қалқам": Ем алып жатқан Мәдина Сәдуақасоваға батасын берген апа жұртты сүйсіндірді

Ем алып жатқан Мәдина Сәдуақасоваға батасын берген апа жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, тілеулес болған барша тыңдармандарына алғыс айтты. Үнемі қолдау білдіріп жүретін туыстары мен жақындарының барына әнші шүкіршілік етіп, бақыт дегеннің осы екенін жеткізді. Бурабайда ем алып жатқан Мәдина Сәдуақасоваға егде тартқан апа батасын беріп, ақ тілегін жаудырған. Бұл жағдай өнер иесіне жақсы әсер берген сыңайлы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жуырда "Тәтті time” @kunsuluturgy- мен💙... @asylarna

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

"Дәл қазір біз Бурабайдағы шипажайда дем, ем алып жатырмыз. Жаңа ғана бір апа "Айналайын, Мәдина, әлеуметтік желіде  жазғаныңды көрдім, бата берейін, арманыңа жет, қалқам"- деп батасын беріп, тілегін білдіріп жатыр. Әлеуметтік желіге сіздер қанша шын ниет, тілектеріңізді жолдап, жазып жатсыздар! Айналаңдағы туыс- жақыныңдарыңмен бірге, қаншама халықтың, көптеген жандардың саған тілекші болып, өзінің немересі, қызы, әпкесі, құрбысы ретінде жақын көріп, тілекші болып жатқанына Аллаға мың шүкір айтамын", - деп жазды өнер иесі

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Мамыр, 2019 09:08
Талқылау