Аша Матай: Қалталы “көкелердің” өз қыздарымен жасты арулармен көңіл қосуы дұрыс емес
Арман Қоңырбаев пен Аша Матай шоу-бизнесте едәуір жас айырмашылықтары бар жұптар туралы пікір білдірді. Бұдан өзге, Аша Арманның өзінен кіші екенін мойындай отырып, махаббаттың жасқа қарамайтынын мәлімдеді. Ашаның айтуынша, екі адам бір-бірін сүйіп тұрса, олардың жасы маңызды емес. Ең бастысы тағдырыңды таба білу керек дейді ол.
Бұл туралы Аша өзі жүргізген “Все только начинается” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Аша 1988 жылдың соңында, ал Арман 1989 жылдың басында дүниеге келген. Былай қарағанда бір жыл болып көрінгенімен, Аша Арманнан небәрі 18 күнге үлкен.
“Ер адамның кіші болғаны мен үшін маңызды емес. Ол – тағдыр, ол – сенің таңдауың. Бұл таңдауыма өзім бақыттымын. Мысалы, менің ата-анамның жас аралығы 8 жыл. Әкем анамнан үлкен. Ал екінші ата-анамның жас айырмашылығы 2 жыл. Олар да бақытты. Ең бастысы, әр адам өзінің адамын, өзінің тағдырын тапса, бәрі де жақсы болады”, – дейді Аша.
Өз кезегінде Арман да Ашаның пікірімен келісетінін жеткізді.
“Екеумізге ортақ дүние көп, бірге уақытты қызықты өткіземіз, айтар әңгімеміз де бар. Ең маңыздысы, арамызда махаббат бар. Ал мұнда жастың маңызы жоқ. Екеуміз дос болып араласа бастағанда Ашаның жасын білген жоқпын. Тіпті, жақын сөйлесе бастағанда оның жасы туралы ойланбаппын. Сондықтан ол маңызсыз”, – дейді Арман.
Бұдан бөлек, жұлдызды жұп араларында едәуір жас айырмашылық бар әріптестеріне қатысты пікір білдірді. Аша ер мен әйелдің арасы әрі кеткенде 10 жастан аспауы керек деп есептейтінін, мұндайды кішкентайынан естіп өскенін тілге тиек етті. Ал Арман болса қос тарапқа ыңғайлы болса, онда тұрған ештеңе жоқ деп түсіндірді.
“Яғни жас қызға өзін өзі толық қамтамасыз еткен әрі толық қалыптасқан ер, ал ол ерге жас бойжеткен қажет болса, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы, екеуіне де ыңғайлы әрі араларында түсіністік, махаббат болса болды”, – дейді Арман.
“Мен бұған қарсымын. Барлығы тәрбиеге байланысты. Менің ойымша, мұндайды балаға жастайынан түсіндіру қажет. Мысалы, маған кішкентайымнан ер мен әйелдің арасы әрі кетсе 10 жыл болуы керек деп үйретті. Бұл – максимум. Мұны ерлерге де түсіндіру қажет. Яғни, өз қызыңмен жасты қызбен көңіл қосу – дұрыс емес”, – дейді Аша.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың жанкүйерлері ортақ құжат қабылдады
Сиви 15 килограммдық қымбат көйлегін көрсетіп мақтанды (фото)
Ұрыс-керіс шаршатты: Бір топ көрермен Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жауып тастауды ұсынды (фото)
Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?