Арктикадағы мұз асқан жылдамдықпен еріп жатыр
2019 жылғы зерттеулерге сәйкес, Арктика аумағындағы мұз көлемі жылдам азайып кеткен. Бұл туралы «Арктикалық және антарктикалық ғылыми-зерттеу институтының» басшысы Александр Макаров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының сөзінше, бұған дейін Арктикадағы мұздың аз көлемі 2012 және 2017 жылы тіркелген. Олардың айтуынша, бұл өзгеріс әлемдік климаттың өзгеруіне алып келуі мүмкін. Әсіресе, мұхиттағы қауіпті оқиғалар жиілейді екен.
Макаровтың айтуынша, артикалық мұз қабаты тек жаз маусымында қысқарады.
«9 ай бойы сақталатын қыс мезгілінде Арктикадағы мұз көлемі өзгермейді», - деп қосты зерттеуші.
Аталған деректер «Трансарктика-2019» экспедициясының аясында мәлім болды. Бұл мағлұматтардың көмегімен Арктикадағы мұздың қандай жағдайларда өзгеретіні анықталды. Өз кезегінде ол Солтүстік теңіз жолын бағдарлауға көмектеседі екен.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"