Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әркім өз істегеніне жауап беруі керек": Депутат Бюрабекованың қызметтен кетуін түсіндірді

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Facebook әлеуметтік желісінде Людмила Бюрабекованың денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Смирнова Бюрабекова өз әрекеті үшін жауап беруі керек деп санайды. Депутат экс-вице-министрдің қызмет барысында бірқатар қателіктер жібергенін алға тартты.

"Бұл кісі айтарлықтай жақсы нәрсе жасамады. Елдің фармацевтика саласының дамуына жол бермеді, қазақстандық ғалымдардың аппараттары мен дәрі-дәрмектерінің клиникалық сынақтардан өтуіне кедергі келтірді", - деп айыптады.

Смирнованың айтуынша, Бюрабекованың биліктен кетуінің өзіндік себебі бар. 

"Шетелде өндірілген дәрілерді елімізге қымба бағада ұсынды. Зертханалардың бірінде ПТР тестілеуді 20 мың теңгеге сатты. Бюрабекованы алып тастауының өзіндік себебі бар деп ойлаймын. Әркім өзінің істегеніне жауап беруі керек", - деп жазды Смирнова.

Естеріңізге сала кетейік, Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2020 жылдың сәуірінде, Елжан Біртанов министр болған кезде тағайындалған болатын. 23 қыркүйекте үкіметтің қаулысымен Бюрабекова берілген өтінішке сәйкес қызметінен босатылды.

Талқылау