Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та тұрғын лотереядан 1,8 миллиард доллар ұтып алды: Бұл тарихтағы екінші ең ірі джекпот

Powerball лотореялық билеттеріФото: Марио Тама/Getty Images

АҚШ-тың Арканзас штатында Рождествоға арналған Powerball лотереясының ұтыс ойынында лотерея тарихындағы көлемі жағынан екінші ең ірі жүлде – 1,8 миллиард долларлық (91 триллион теңге) джекпот ұтысқа түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Powerball лотереясына қатысқан Арканзас тұрғынының штатта сатылған билеті барлық алты нөмірмен дәл келіп, иесі 1,817 миллиард доллар ұтып алды. Powerball дерегінше, бұл – АҚШ тарихындағы екінші ең ірі лотереялық жүлде.

Сәрсенбіде өткен рождестволық ұтыс ойынында жеңімпаз нөмірлер: 4, 25, 31, 52 және 59, ал Powerball саны Сондай-ақ джекпот сериясына қатысқан барлық ойыншыға алғысымызды білдіреміз, сатып алынған әрбір билет ел бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен қызметтерді қолдауға үлес қосады 19 болды.

Арканзас стипендиялық лотереясының мәліметінше, ұтысты билет Арканзас штатының Кабот қаласында сатылған. Сонымен қатар штатта кішігірім жүлделерге ие болған тағы екі билет тіркелді: 100 мың долларлық (51 миллион теңге) билет Литл-Рокта, ал 50 мың долларлық (25 миллион теңге) билет Роджерс қаласында сатылған.

Джекпот иесі ұтысты екі түрлі жолмен ала алады, бір реттік қолма-қол төлем ретінде 834,9 миллион долларды бірден алу немесе толық ұтыс сомасын шамамен 30 жыл бойы аннуитет түрінде алу. Екі нұсқада да салықтар ұсталғанға дейінгі сома көрсетіледі.

"Powerball джекпотының жаңа жеңімпазын құттықтаймыз! Бұл шын мәнінде өмірді түбегейлі өзгертетін ерекше жүлде. Сондай-ақ джекпот сериясына қатысқан барлық ойыншыға алғысымызды білдіреміз, сатып алынған әрбір билет ел бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен қызметтерді қолдауға үлес қосады", - делінген Powerball өнімдерін дамыту тобының төрағасы әрі Айова штаты лотереясының бас директоры Мэтт Строунның мәлімдемесінде.

Арканзас штатының заңнамасына сәйкес, жеңімпаз өз есімін үш жыл бойы құпия сақтай алады. Тек мемлекеттік қызметкерлер мен олардың екінші дәрежелі туыстарына ғана алты ай ішінде жеке басын жариялауға міндетті.

Рождество қарсаңындағы бұл джекпот - биылғы жылы 1 миллиард доллардан асқан екінші жүлде болды. Бұған дейін 46 ұтыс ойыны қатарынан жеңімпаз анықталмаған.

Қыркүйек айында Миссури мен Техас штаттарында сатылған екі билетке бұйырған 1,787 миллиард долларлық Powerball джекпоты АҚШ лотереялары тарихындағы үшінші ең ірі жүлде ретінде тіркелген.

Powerball дерегіне сүйенсек, джекпот ұтып алу ықтималдығы 292 миллионнан 1 ғана.

Дэвидсон колледжінің математика және информатика профессоры Тим Шартье Powerball джекпотын ұтып алу мүмкіндігін тоғыз жыл ішіндегі бір нақты секундты таңдап, дәл сол секундты табуға тырысумен салыстырды. ABC News-ке берген сұхбатында ол билеттердің көптеп сатып алынуы ұтыс мүмкіндігін шынымен арттыратынын, бірақ өте мардымсыз деңгейде ғана екенін айтты.

"Егер сіз 100 билет сатып алсаңыз, ұту мүмкіндігіңіз расында 100 есе артады", — дейді Шартье. Алайда ол мұның өзі "тоғыз жыл ішіндегі бір секундты табуға 100 рет мүмкіндік алу секілді, яғни бәрібір өте төмен ықтималдық" екенін атап өтті.

Келер сенбі кешінде өтетін келесі ұтыс ойынында Powerball джекпоты 20 миллион долларға дейін қайта жаңартылады.

Powerball тарихындағы ең ірі 10 джекпот және жеңімпаз штаттар

  1. 2,04 млрд доллар – 2022 жылғы 7 қараша – Калифорния

  2. 1,817 млрд доллар (осы джекпот) – Арканзас

  3. 1,787 млрд доллар  – 2025 жылғы 6 қыркүйек – Миссури, Техас

  4. 1,765 млрд доллар – 2023 жылғы 11 қазан – Калифорния

  5. 1,586 млрд доллар – 2016 жылғы 13 қаңтар – Калифорния, Флорида, Теннесси

  6. 1,326 млрд доллар – 2024 жылғы 6 сәуір – Орегон

  7. 1,08 млрд доллар – 2023 жылғы 19 шілде – Калифорния

  8. 842,4 млн доллар – 2024 жылғы 1 қаңтар – Мичиган

  9. 768,4 млн доллар – 2019 жылғы 27 наурыз – Висконсин

  10. 758,7 млн доллар – 2017 жылғы 23 тамыз – Массачусетс

Айта кетейік, бұған дейін ер адам газдалған сусын ішемін деп 42 миллион теңгеге байығаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 10:01