Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Антикордың мәлімдемесіне қарсылық білдірді

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа қылмыстық істер туралы мәлімдемесіне қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

26 тамызда Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының "Алтын адамның әлем мұражайлары арқылы шеруі" халықаралық көрмесіне, сондай-ақ "Ұлттық мемлекеттік фотограмметриялық 3D сканерлеу" жобаларына бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Сонымен қатар, ведомство Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі болып тұрған кезінде "Республикалық су және қолданбалы спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі" АҚ-ның туыстары мен үлестес тұлғаларына меншік құқығын заңсыз беруге қатыстылығын тексереді. 

Ұлттық музей басшысының заңгері Тағира Сисинбаева Антикорға ар-намысты қорғау туралы талап-арыз жолдады. Ол агенттік хабарламасымен мүлдем келіспейді және жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды деп есептейді.



Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Мұхамедиұлының "Алтын адамның әлем мұражайлары арқылы шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатысты болуы мүмкін екенін анықтады.

"Арыстанбек Мұхамедиұлының бюджет қаражатын жымқыруға қатысы болуы мүмкін екендігі туралы басқа ақпарат жоқ. Айта кетейік, Мұхамедиұлының жобаларға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатысы жоқ.  Жоғарыда аталған нысандарды жекешелендіруге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы тіпті ақпарат жоқ", –  деді Тағира Сисенбаева.

Адвокаттың айтуынша, жекешелендірудің кешенді жоспарларын экономика министрлігі жасаған және бұл үдерісті қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тікелей жүргізген. Сондай-ақ жекешелендіру объектілеріне баға берді, жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындап, жасасты. Айыпталушының қорғаушысы бұл процеске Мұхамедиұлы басқаратын министрліктің де, оның өзі де еш қатысы жоқ деген уәж айтады.

Тағира Сисенбаева ешбір процессуалдық құжатта 7 млрд теңге көлеміндегі шығынның алдын ала сомасы туралы мәлімет жоқ екенін түсіндірді. Оның айтуынша, Antikor сайтында жарияланған ақпарат негізінен сенімсіз және оның мақсаты – "жасанды түрде дүрбелең тудыру".

Ведомствоның өзі әзірге заңгердің ұстанымына қатысты пікір білдірген жоқ.

Талқылау