"Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болды": Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Ұлттық мұражайдың директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі мәліметке сәйкес, тергеу изоляторында өзіне қол салған. Алайда қолының сіңірін жарақаттап, медициналық көмек көрсетілген.
Ақпаратқа қатысты пікір білдірген комитет өкілдері мұны жоққа шығарды. Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салғаны рас, алайда бұл 2022 жылдың мамырында уақытша ұстау изоляторында болған. Кейін ол ауруханаға жатқызылған.
Еске салайық, мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат тараған. Дегенмен бұрынғы мәдениет министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бұл туралы пікір білдіріп, ақпаратты растады. Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмаған, тек аяғын емдету үшін ауруханаға жатқанын мәлімдеген еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды