Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Арыстанбек Мұхамедиұлы: "Голос. Дети" байқауының келеңсіздіктері басқаларға үлгі болсын

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Бірінші арна" басшылығына дауға ұласқан "Голос. Дети" бағдарламасына әділдік танытқаны үшін алғыс білдірді.

arystan

"Көптеген халықаралық жарыстарда көрермендердің бағалау әділетсіздік деп санайтыны соншалық, жарыс нәтижесімен келіспей жатады. Арна басшылығына мұндай батыл қадамды шығарғаны үшін алғысымды білдіремін". - деді Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың Микелла Абрамоваға қатысты ешқандай шағымдар жоқ. Министр баланың кінәсіз екенін атап өтті.

"Ең бастысы, болашақта басқа ұйымдастырушыларға үлгі бола алады, сондықтан әсіресе балаларға қатысты байқауларда технологиялық мүмкіндіктер қолданылмайды. Мен толықтай қолдау көрсетемін, мүмкін олар дауыс беру әдісін қайта қарастырады. Бастысы дауысты қайта тексеруге мүмкіндік бергеніне мен алғысымды білдіремін", - деді министр.

Мұхамедиұлы Ержан Максимнің Микелла Абрамоваға наразылығы жоқ екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, аталған байқауда қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленді. Көптеген қазақстандық және ресейлік жұлдыздар оның бірінші орынға лайық екенін жарыса айтты. 

Осыдан соң Бірінші арна Алсудың қызы жеңіске жеткен байқау қорытындысының күшін жойды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр