Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Бір адам көз жұмды

Арыс қаласындағы жарылыстан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөккев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арыстағы өрт

Облыс әкімінің сөзінше, ер адамның көлігіне снаряд түсіп, салдарынан көз жұмыпты. 

Сонымен қатар Шөкеев қазіргі уақытта ауруханада жарылыстан зардап шеккен 31 адамның жатқанын айтты.

Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жарылыстардың әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады. 

Талқылау