Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыста 300-ге жуық үй бұзылып, қайта салынады

Түркістан облысының әкімдігінде Арыста құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үй

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың мәліметі бойынша, Арыста 1870 үй қалпына келтірілген, 4827 үйде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 293 үй бұзылып, қайта салынады. 

Құрылыс жұмыстары Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің бақылауында. Арысты қайта қалпына келтіруге 207 компания, 7037 жұмысшы, 265 арнайы техника бірлігі атсалысуда. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының аяғында Арыс қаласында әскери бөлімде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан Қазақстанның бір азаматы және екі әскери қызметкер көз жұмды. 

Талқылау