Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыс қаласының маңында әскери қызметкер көз жұмды

Түркістан облысында Арыс қаласының маңында оқ-дәрілердің бөлшегі жарылды. Салдарынан әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласының маңында әскери қызметкер көз жұмды

Сурет: ҚР қорғаныс министрлігі

Қайғылы жағдай бүгін, 11 қазанда, орын алды. Арыс қаласынан 60 шақырым жердегі арнайы жабдықталған полигон аумағында оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Жұмыс барысында оқ-дәрілердің бөлшегі уақытынан бұрын жарылып кеткен. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы, майор Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды.

«Оқиға орнынан алынған ақпаратқа сәйкес, жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілген. Орын алған оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталуда. Арнайы тергеу тобы жұмыс жасап жатыр», - дейді министрліктегілер.

Сонымен қатар ведомстводағылар бұл жағдайдың полигонға жақын орналасқан қала тұрғындарына қауіп төндірмейтінін атап өтті. Қазіргі уақытта өңірде үздіксіз бақылау жүргізілуде. 

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметкердің туыстары мен достарына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, дейді ведомстводағылар.

Талқылау