Арыстағы әскери қоймадағы жарылыста жараланған әскери қызметкерге пәтер берілетін болды
Арыстағы жарылыстың салдарын жоюға барып, жараланған әскери қызметкер Жомарт Мұғалға пәтер берілетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұрынғы әскери қызметкерге қаржылай да көмек көрсетілетінін атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде жараланған әскери қызметкер биліктен көмек сұраған еді.
Жомарт Мұғал 2019 жылғы Арыстағы апаттан кейін басшылықтың бұйрығымен қалдықтарды жинау жұмыстарына қатысқан. Сол уақытта снарядтардың бірі жарылып, 31 жастағы азамат ауыр жарақат алған. Денсаулығы байланысты жұмысынан да айырылған Жомарт Мұғал қазір үшінші топ мүгедегі. Ашынған әскери қызметкер өзіне берілген үшінші дәрежелі "Айбын" орденін қайтарып беруге дайын екенін айтып, биліктен уәде етілген баспана мен қаржылай көмекті талап етті.
"Қазірдің өзінде қорғаныс министрлігі тарапынан Шымкент қаласы әкімі атына оған баспана бөлу мәселесі бойынша хат жіберілді. Сондай-ақ, қарулы күштер тарапынан да оған уақытша баспана беру сұрағы пысықталып жатыр. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары қарастырылуда”, – деді ҚР Қарулы күштері құрлық әскері баспасөз қызметінің бастығы Меруерт Мақашева.
Еске салсақ, бұған дейін Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде жарақат алған әскери қызметкер Жомарт Мұғалдың биліктен көмек сұрағаны туралы жазған едік.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды