Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері Меруерт пен Жадоның арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Бірнеше айдан бері Жадо мен Меруерттің арасындағы сот отырысы жалғасып жатыр. Олардың әріптестері осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

15380390_1142619382518600_4147096112248996774_n

Фото: facebook.com/profile.php?id=100003116480162, instagram.com/jado.sakhi/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Отандық бағдарламалардың бірінде Жадо Меруерт Түсіпбаеваның киіну мәнеріне қатысты пікір білдіреді. Оның айтқан сөздері әншінің шамына тисе керек. Әлеуметтің желі арқылы Түсіпбаева сәнгерді шошқаға теңеп, түрлі жағымсыз сөздер айтады. Мұндайға шыдамаған сәнгер оны сотқа беріп, моральдық шығын ретінде 20 млн талап етеді. Алайда 3 мәрте сот отырысына келмеген әнші оның үстінен шағым түсіріп, кешірім сұрамайтынын айтады. Осы мәселеге қатысты олардың әріптестері түрлі пікір білдірді.

Алуа Қонарова:

Менің түсінуімше, Меруерт Жадоға қатысты жағымсыз пікір білдірген. Артынша детальдарды анықтап көрдім. Бірінші болып бастаған Жадоның өзі екен. Шынымды айтсам, қыздардың өзара жанжалдасқаны маған мүлдем ұнамайды. Меніңше, ашулары басылғаннан кейін, үстел басына жиналып, барлығын бейбіт жолмен шешкендері дұрыс. Ұрысуды доғарулары керек. Мұны жұрттың алдына осылай шығарудың қажеті жоқ.

Ерік Тастамбеков:

Мен Жадоны өте жақсы білемін. Оның жұмыстарымен де жақсы таныспын. Санданың бейнебаяндарына арнап киім тіккен болатын. Батумиде киген сары көйлегі барлығына ұнады. Ол – қарапайым, тәрбиелі жан. Меніңше, адамды жұрттың алдында масқаралаған дұрыс емес. Меруерт ресми түрде одан кешірім сұраса, ешнәрсе болмайды. Егер намысы жібермесе, ақша төлесін.

Ердос Қанаев:

Шынымды айтайын, әпкелеріміздің арасында болып жатқан оқиғаларды мен өз көзіммен көрген жоқпын. Бірақ осындай жағдай болып жатқанын естідім. Оларға тек сабырлық тілеймін

Жеңіс Ысқақова:

Кейін Меруерт оған кешірім сұрайын деп ұсыныс жасады. Осыны білемін. Өйткені Меруертпен сөйлестім. Баспасөз конференция жинап, кешірім сұрағысы келетінін айтты. Өйткені, мұны ашумен айтып қойдым деді. Шынымды айтсам, Жадыраға өзінің толықтығы жарасатын сияқты. Расымен де, өзінің томпақтығы жарасып тұратын адамдар болады. Бұл жерде маған “Көлгірсіме” деп айтулары да мүмкін. Мысалы, менің дене бітіміме толықтық жараспайды. Ақботаға да толықтық жараспайды. Оған арықтау керек.

Берік Ысмайылов:

Қазақ “милиция мен дәрігерге күніңді қаратпасын” дейді. Мінеки, көрген күндері осыған жетіп тұр. Мен бүгін сағат алты жарымда ұшып келдім. Куәгер ретінде шақырғандықтан, осы жерге келіп отырмын. Бір адамның кесірі мың адамға тиіп кетуі мүмкін. Осыны сотқа жібермей-ақ шешуге болатын сияқты. Қазір сандалып, бір шоуға айналып келе жатыр. Қыздар, енді қойыңыздар деп айтқым келеді.


Жіберіп алмаңыз:

Продюсер Абай Бегейге шәкірті қымбат көлік сыйлады

Сиви Махмұди түйеден оңбай құлады (видео)

Ақерке Тәжібаева Мексика жұртын қобыз үнімен таң-тамаша етті

Есентаева 500 теңгеге алған тәпішкесін көрсетіп әзілдесті (фото)

Талқылау