Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрең таптық": Мәдина Сәдуақасова ұлын туған күнінде танымал математикпен кездестірді (видео)

Мәдина Сәдуақасова ұлын аңыз адаммен кездестірді. Әнші есепке жақын ұлын математикпен кездестіріп, ақ батасын алып қайтты. Ұлы Әнуардың туған күнінде ерекше естеліктер қалды. 

“Әнуардың арқасында біз Аңыз адам математик Асқар Жұмаділдаевпен кездестік. Балада арман көп, ата-ананың міндеті сол армандарына бір қадам болса да жақындату деп ойлаймын. Әнуар өзі математикаға, есепке өте жақын, сосын көп болды “Ең үздік математикпен кездескім келеді” деп жүрген. Туған күніне осы арманын орындауға тырыстық. Асқар ағамен жолығудың жолдарын іздедік, уақыты өте тығыз, бір күнде бірнеше жерде болады екен, оның үстіне телефон ұстамайды. Біршама уақыт оқу орнына айналып күттік ағамызды.

Баланың ниеті болар Асқар атасымен ақыры кездесіп, бірге есеп шығарып, сыйлыққа кітабын, батасын алып қайтты. Ал Асқар Жұмаділдаев атаңның жолын берсін, жаным!”, – деп жазды әнші. 

Көпшілік туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнап жатыр.

“Батасы қабыл болсын. Ағаға ұзақ ғұмыр берсін”, “Асылдар қарапайым болады”, “Тамаша, керемет. Балақайдың жолын ашқаны, зейінді, зерек болсын”, “Тарихи сәт, өмірлік қолтаңба, қадамы құтты болсын. Қазақтың туын мақтанышпен әлемге танытатын азамат болсын”, “Қандай керемет! Баланың талабы таудай екен! Ұлыңызға жасаған мүмкіндігіңіз кез келген бағалы сыйлықтан мың есе қымбат. Тектінің ұрпағы!”, “Атамыздың батасы қабыл болсын!”, “Мәдина ханым, балаңыз үлкен тұлғалармен амандасқанда екі қолымен амандасуды үйретсеңіз тіпті керемет болар еді. Ол сый құрметтің белгісі”, – деп жазды желідегілер. 

Әнші математик ағаға алғысын айтып, қуанышын білдірді.

“Асқар аға қаншалықты Үлкен адам болса, соншалықты қарапайым, аузын ашса жүрегі көрінетін балажан екен. Кішкентай 7 жасар баланың арманын орындау үшін алтын уақытыңызды бөліп, батаңызды беріп қанатын шыңдай түскеніңізге отбасымыздың атынан Сізге мың алғыс! Аман болыңыз!”, – деп жазды Сәдуақасова.


Талқылау