Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аралық тұрғын үй қарызы: Астанадан тағы бір пәтер алды! 

Бүгінде "Отбасы банк" АҚ түрлі өнімдері арқылы баспаналы болып, қоныс тойын тойлап жатқан шаңырақтар баршылық. Бірі жалдамалы үйден көшіп, көптен күткен пәтер кілтін қолға алса, енді бірі балаларының болашағы жарқын болуы үшін жағдайын жасауда. Сондай әсерлі сәтке бөленген бір отбасының оқиғасы редакциямыздың "қоржынына" түсті. 

Оңтайлы мүмкіндіктерді ұсынады

Қызылорда қаласының тұрғыны Лилия Ауханова – Астана қаласынан бір емес, екі бірдей пәтер алған бақытты жан. Бұл мақсатының орындалуына "Отбасы банк" көмектесті. Алдымен 2024 жылы бас қаланың сол жағалауынан екі бөлмелі пәтер алса, таяуда ғана оң жағалаудан тағы бір бөлмелі пәтердің иесі атанды. 

"Ата-ана баласы үшін барын салады ғой. Қызымыздың үлкен қалада тұрып, іргелі жоғары оқу орнына түсуі үшін жұбайым екеуіміз тірнектеп қаржы жинап, алдымызға мақсат қойдық. Осы мақсаттың жетегімен осыдан екі жыл бұрын "Отбасы банк" арқылы отбасымыздың елордадағы алғашқы пәтерін алдық. Сол жылы қызым Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті атанып, жаңа пәтерімізге қоныстанды. Университеттің корпусы оң жағалауда болғандықтан, екі жағалау арасында күнде қатынау қиындық тудырды. Сондықтан жолдасыммен ақылдаса келе, тағы бір үй алуды құп көрдік", - дейді Лилия Ауханова. 

Сөйтіп, өткен жылдың қараша айынан бастап "Отбасы банкіндегі" шотқа ай сайын қаржы салып отырды. Арада жарты жыл өткенде аралық заем арқылы ипотекалық несие ресімдеді. 

"Меніңше, қазіргі таңда адамдардың қаржылық тұрғыдан сауаты жоғары болуы, бастысы қаржы жинау дәстүрін қалыптастыра алуы маңызды. Бұл тұрғыдан алғанда "Отбасы банк" бізге көпті үйретеді. Аралық заем алу үшін ай сайын үзбей салым жасау жақсы әдетімізге айналды. Бұған дейін де екі бөлмелі пәтерді аталмыш банк арқылы алғандықтан, бұл жолы оңтайлы мүмкіндіктердің барлығын жақсы білдім. Бастысы, "Отбасы банк" арқылы алған аралық тұрғын үй қарызының пайыздық мөлшерлемесі де, артық үстемеақысы да өзге екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Алты ай бойы жинаған қаржының үстіне банктік әрі мемлекеттік сыйақының түсуі, ол ипотека ресімдеген кезде кепілдік ретінде қабылданса да сыйақының қосылуы – көп көмек", - дейді банктің тұрақты клиенті. 

Аралық қарыздың қолайлы тұсы көп

Шынымен, "Отбасы банк" ұсынатын тұрғын үй және аралық тұрғын үй қарызының қарапайым тұрғынға ұсынар мүмкіндігі көп. Ең тиімдісі – тұрғын үй заемы. Кемінде үш жыл бойы тұрақты түрде шотқа қаржы аударып, пәтер бағасының 50 пайызын жинаған азаматтар небары 3,5-5% аралығындағы мөлшерлемемен баспаналы бола алады. Бұл ретте бағалау көрсеткіші 16-ға жетуі тиіс. Бұл қаржылық тәртіптің белгісі десек, артық айтқандық емес. 

Ал енді бірі пәтер бағасының жарты сомасын үш жылдан аз уақыт аралығында жинап үлгереді. Не болмаса, пәтер, көлік, басқа да мүлікті сату арқылы 50 пайызды бірден жинайды. Мұндай жағдайда баспаналы болуды қалайтын азаматтарға аралық тұрғын үй заемы қолайлы болмақ. Бұл ретте пайыздық мөлшерлеме 6%-дан басталып, 8,5%-ға дейін жетеді. Пайыздық мөлшерелме бағалау көрсеткіші мен қаржы жинау уақытыны тікелей байланысты. Бағалау көрсеткіші жоғары болған сайын, пайыздық мөлшерлеме төмендей бастайды. Атап өтерлігі, аралық заем бағалау көрсеткіші кемінде 5-ке тең болған кезде ғана беріледі. Мұндай көрсеткіш пәтер бағасының тең жартысы шотқа бірден салынып, алты ай жатқан жағдайда есептеледі. Сол кезде ипотеканы 8,5% (ЖТСМ 9-9,6%) алуға мүмкіндік бар. 

"Қаржыны жарты жыл банкте сақтау – қажет шара. Бұл технология аясында тұрғын үй – құрылыс жинақ жүйесі үздіксіз әрі тиімді жұмыс істейді. Түптеп келгенде, "Отбасы банк" клиенттері өз-өздерін қаржыландырады. Сол себепті қаражаттың банкте біраз уақыт айналымда болғаны дұрыс", - дейді "Отбасы банк" АҚ өкілдері. 

Аралық заемның артықшылығын анықтау үшін екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелерімен салыстырдық. Расында да, "Отбасы банк" ұсынған өнімнің басым тұсы көп екенін байқадық. Біріншіден, аралық тұрғын үй қарызы бойынша міндетті сақтандыру бар-жоғы 0,2%-ды құрайды. Өзге банктерде бұл міндетті төлем көлемі 1,5%-ға дейін жетеді. Екіншіден, аралық заемды 25 жылға дейін ресімдеуге болады. Сәйкесінше, ай сайынғы төлем көлемі анағұрлым аз болады. Сол сияқты үстемақы да көп қосылмайды. Өзге банктер ипотекалық несиені 15-20 жылға ғана ұсынады. Бұл ай сайынғы төлемді де, үстемеақыны да көбейтеді. Үшіншіден, аралық қарызды тек баспана сатып алуға емес, үй салуға, пәтер жөндеуге, басқа банктегі несиені қайта қаржыландыруға ала алды. Төртінші артықшылық – депозиттердің қорғалуы. Яғни, сот орындаушылар, басқа да үшінші тұлғалар жинақ шотындағы қаржыны бұғаттай алмайды. Бесінші басымдық – аралық заемды алар тұста "Отбасы банкіндегі" депозит кепілдік ретінде қойылып, салымшыға табыс әкеледі. Атап айтқанда, банк тарапынан жылдық 2%, мемлекеттен 200 АЕК аспайтын сомаға 20% сыйақы есептеледі. Демек, бір жылда 22% (!) сыйақы алуға жағдай жасалған. Мұндай мүмкіндік екінші деңгейлі банктердің ешқайсысында жоқ. 

Осындай оңтайлы тұстарды саралай білген азаматтар аралық заем алып, баспаналы болып жатыр. "Отбасы банк" ұсынған бұл өнім арқылы пәтер кілтін қолға алған адамның ұтпаса, ұтылмасы анық. Тіпті, Лилия Ахунова сынды екі баспана алуға мүмкіндігі бар. Олай болса, тиімді ипотекалық өнімнің игілігін көруге сіздер де асығыңыздар! 

Отбасы банктегі аралық қарыздың тиімділігін қарапайым мысалмен түсіндіруге болады.

Мысалы, клиент 20 млн теңге көлемінде пәтер алу үшін қарыз алса, ай сайынғы төлемі 147 798 теңге болады. Үш жыл бойы қарыздың жартысы (50%) депозитте жатады. Осы уақытта клиент банк сыйақысынан бөлек мемлекеттен 471 840 теңге сыйақы алады.

Үш жылдан кейін депозиттегі ақша қарызды жабуға жұмсалады, ал клиент тұрғын үй қарызына өтеді. Бұл кезде мөлшерлеме төмендеп, ай сайынғы төлем де азаяды – шамамен 130 мың теңге болады. Мұндай жеңілдікті, яғни ипотека мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігін, Қазақстанда тек Отбасы банк ұсынады.

Нәтижесінде артық төлем ең көбі 5,3 млн теңге болуы мүмкін. Қанша артық төлейтініңіз қарыз мерзіміне тікелей байланысты.

Егер басқа банкте осындай шартпен қарыз алсаңыз (қарыздың 50%-ы кепілде тұрса), ай сайынғы төлем шамамен 162 232 теңге болады. Қарыз мерзімі де ұзағырақ, ал артық төлеміңіз 19,2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Ал Отбасы банктің аралық қарызы мына жағынан тиімдірек (20 млн теңге мысалында):

  1. Ай сайынғы төлемі 14 434 теңгеге төмен. Кейін тұрғын үй қарызына өткенде төлем одан әрі азаяды;
  2. Қарыз мерзімі 5 жыл 6 айға қысқа, яғни ипотеканы тезірек өтейсіз;
  3. Артық төлем шамамен 14 млн теңгеге аз – бұл жаңа көліктің бағасына тең;

Депозитке ай сайын 2% банк сыйақысы және жыл сайын 20% мемлекеттік сыйақы қосылады. Бұл қосымша табыс қарызды азайтады. Басқа банктерде мұндай сыйақы берілмейді, ақшаңыз жай ғана "қатып" қалады. Мысалы, Отбасы банк депозитінде 15 жылда 3 млн теңгеге дейін табыс табуға болады.

Сондықтан ең тиімді жол – қарыздың 50%-ын алдымен Отбасы банк депозитіне салып, кемінде 6 ай күту. Содан кейін аралық қарызды қолайлы шарттармен алуға мүмкіндік бар.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 15:39
Талқылау