Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арақ ішкендер ел алдына шығарылып масқараланатын болады

Қырғызстанның Ош облысы Қырғыз ата ауылының халқы жалпықоғамдық тәртіп орнатты.

edc908b5876973a1f2cb2a50d4e6fbaa_resize_w_520_h_

Аймақ ақсақалдары алкогольді ішімдіктердің сатылуына тыйым салып, арнайы айыппұл тағайындады. Ал харам сусынды ішкендер ел алдына шығарылып, масқараланатын болады.

Бұған себеп мына оқиға. Қасиетті жұма күні ауыл мешітіне ел ішінде мас күйде көрінген екі жігіт әкелініп, жамағат алдында қатаң сөгіс айтылады. Айыбын мойындаған жігіттер халықтан кешірім сұраған. Осыдан соң ақсақалдар спиртті өнімдерді сатуға тыйым салу мәселесін көтерді.

Осы күні ауылдық әкімдік басшылары, ақсақалдар, мешіт имамдары және жергілікті құқыққорғау органы қызметкерлерінен құралған комиссия сауда орындарын аралап, кәсіпкерлерге арақ-шарап өнімдерін сатпау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ал осыған құлақ аспаған сауда иелері 100 000 қырғыз сомы көлемінде айыппұл төлейді. Айыппұлдан түскен қаражат мешіт қажеттіліктері мен балабақшаларға аударылатын болады.

ummet.kz

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде анасы дәретханаға тастап кеткен сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды

Түрлі дертпен ауыратын жандар қандай тағамдар жеу керек

Шенеуніктер қымбат жаңажылдық сыйлық алғаны үшін жауапқа тартылады

 

 

Талқылау