Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арада келісім болды": Танымал блогер Төреғали Төреәліге ән арнағанын мойындады

Танымал блогер, әнші Бота Хамит өнерден біржола кетіп, бизнесті таңдағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына слітеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Бүгінде желі жұлдызы жаңадан үй соғып, жақында қоныс тойын тойламақ. 

“Негізгі мамандығым әншілік болса да, өнерден кеттім. Өнерде жүру өте қиын екенін түсіндім. Сахнаға шығаратын мықты продюсер, хитке айналатын ән болу керек. Ол қыруар қаржыны талап етеді. Бір-екі ән жазасың, оның халыққа таралуына ешкім кепіл болмайды. Сол үшін өнерден біржола кетіп, бизнес саласын қолға алып жатырмын. Өнерден кеткендегі екінші себебім, үлкен үй салып жатырмыз. Отбасымызда ұл болмағандықтан, жауапкершілікті өзім алдым”, – деп өміріндегі соңғы жаңалықты айтты. 



Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын блогер орындаған “Төреғали Төреәлі” әні біраз сынның астында қалып еді. Әннің мазмұны – қыздың жігітке сезім білдіруі. Алайда орындаушы әзіл түрінде жазылған дүние екенін айтып, ақталды. 

“Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Төреғали Төреәлімен бір университет қабырғасында білім алдық. Қайбір жылы қалжың ретінде Төреғалиға ән арнап едім. Арада келісім болды. “Осындай ән жазайық” деп өзі отырғанда айтып еді, мен келістім. Отбасын жақсы танимын. Әзіліміз жарасқан достармыз. Бірақ кейін сол ән үлкен дауға ұласып кетті”, – деп күліп еске алды блогер.  

Талқылау