Араб елінде тағы бір қазақстандық бойжеткен жоғалып кетті
Біздің дипломаттар тағы бір араб елі – Бахрейнде де отандасымызды іздеуге кірісті. Сыртқы істер министрлігіне бүгін астаналық Тагина Хайтметованың ата-анасы көмек сұрап хабарласқан, деп хабарлайды КТК.
24 жастағы қыз Бахрейнге табыс іздеп барып, хабарсыз кетіпті. Ол шілденің 27-сі күні Астанадан Дубайға ұшып, Бахрейнге жеткен. Соңғы рет 29 шілдеде ата-анасымен хабарласып, қонақ үйге жұмысқа тұрғанын айтқан екен. Содан бері хабар жоқ. Іздеу шараларына енді дипломаттарымыз да кірісіп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы ғаламтордағы науқастардың пікірлеріне байланысты төленеді
“Жалаңаш” суреттері жарияланып кеткен полицейді қызметінен шығармайды
Ханзада Чарльз Қазақстанда сыйлаған «керемет жылы халатты» оң бағалады
Талқылау