Араб әмірлігінің тақ мұрагері қалай өмір сүреді (фото)
33 жастағы Хамдан бин Мохаммед бин Рашид аль-Мактум Дубай эмиратының тақ мұрагері. Ол нағыз шығыс ханзадасындай өмір сүреді.
Сурет: bigpicture.ru хабарлайды.
БАӘ премьер-министрінің отбасында өмірге келген Хамбан шейхтің 6 ағасы, мне 9 әпкесі бар.
Ол көп уақытын Араб әмірлігінен гөрі Ұлыбританияда көп өткізген. Ол жақта әскери училищеде білім алып, кейіннен Лондонда экономика саласында оқыған. Оқуын тамамдаған соң еліне оралып мемлекеттік қызмет атқарған.
Саясаттан тыс Хамдан шейх спортты футболкалар мен шортылар кигенді ұнатады. Ол үнемі саяхат жасағанды, атпен қыдырғанды жөн көреді.
Оның арнайы ат қорасы бар. Ол бір кездері атқа дұрыс отырғанының арқасында олимпиадалық ойынның жеңімпазы атанған.
Інілері мен жиен қарындастарымен түскен көп суреттеріне қарап, оның мейірімді әрі бауырмал екенін білуге болады.
Хамданның иелігінде бірнеше қайырымдылық қоры бар. Кейде жәрдемге мұқтаж жандармен кездесуге өзі келеді.
Бір кездері ханзада туғанынына нағашы жұрты жағындағы қызбен атастырылып қойылғанын айтқан. БАҚ-та жарияланған белгісіз әйелдің кім екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені ол жұрт алдында тек көзін ғана көрсетеді.
Әмірлік шейхтарының қанша әйел алам десе де еркі өзінде. Хамданның әкесінің бес әйелі бар. Мүмкін одан да көп. Өйткені, оның санын нақты ешкім айта алмайды.
Ханзада әкесі секілді өлең жазады. Оның өлеңдерінің негізі тақырыбы – отбасы, отан, романтикалық қатынастар жайында болып келеді.
Жіберіп алмаңыз: